AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Колледждерді 173 мың студент бітіреді

Колледждерді 173 мың студент бітіреді

Білім және ғылым 20.05.2025, 10:28 691 yakiya
Колледждерді 173 мың студент бітіреді
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде ТжКБ жүйесін дамыту бойынша ағымдағы нәтижелер туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министрліктің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алған. 173 мың студент оқуын бітіреді, оның ішінде жұмыс біліктілігі бойынша 123 мың студент, дуальды оқыту шеңберінде 27 мың студент білім алып шығады. Кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мың студент бітірді.

«Жыл сайын колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші өсуде: 2024 жылы түлектердің 81%-ы жұмыспен қамтылды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және колледждердің бизнеспен өзара іс-қимылына аса назар аударылуда. Оқу жылының қорытындысы бойынша қамқорлық көмек көрсететін кәсіпорындардың саны 7 есе артты. Бүгінгі таңда 4 мыңнан астам кәсіпорын 662 колледжге, өткен жылдың қорытындысы бойынша 412 колледжге 558 кәсіпорын қамқорлық көрсетуде», деп атап өтті Ғани Бейсембаев. 

Оның айтуынша, «педагог-кәсіби бағдарлаушы» лауазымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. 905 жоғары сынып оқушысы жалпы білім туралы аттестатпен қатар, жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алды. 2,5 млн мектеп оқушысы кәсіби бағдарлаушы шараларымен қамтылды.

104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 2 мың орынға арналған 8 жатақхана пайдалануға берілді. Бизнес өкілдері 8 мыңнан астам білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж #жұмысшы #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);