AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Колледж түлектерінің 87%-ы бірден жұмысқа орналаса...

Колледж түлектерінің 87%-ы бірден жұмысқа орналасады

Әлеумет 15.08.2025, 15:30 731 Bakyt
Колледж түлектерінің 87%-ы бірден жұмысқа орналасады
aqshamnews.kz

Алматының төрт колледжі техникалық және кәсіптік білім берудің жаңаша үлгісін ұсынып, Құзыреттілік орталықтарының жұмысымен таныстырды. Қазақстан Президентінің бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қала әкімдігі мен Білім басқармасының қолдауымен колледждер еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандарды даярлау тәжірибесін көрсетті.

Баспасөз турын Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды. Алматы көпсалалы колледжі, Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжі және Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында WorldSkills чемпионатына дайындық лагерьлері жұмыс істейді. Мұнда электромонтаж, өндірістік автоматика, автокөлікті техникалық қызмет көрсету, IT, сантехника және жылыту, құрғақ құрылыс, дәнекерлеу және жиһаз өндірісі бойынша оқыту заманауи жабдықтар мен тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен өтеді.

Алматы көпсалалы колледжінің директоры Асылхан Бейсетбаевтың айтуынша, түлектердің 87%-дан астамы оқуды аяқтаған соң бірден жұмысқа орналасады. Дуалды оқыту аясында бұл көрсеткіш 100%-ға жеткен. Мысалы, жиһаз өндірісі бағыты бойынша студенттер бірінші курстан бастап өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін сол кәсіпорынға жұмысқа орналасады.

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің бөлім меңгерушісі Бауыржан Мұхамеджанов студенттердің халықаралық жарыстардағы жетістіктерін атап өтті. Жақында Польша мен Францияда өткен байқауда қазақстандық студент жүлделі орын алып, «Үздік маман» медальонын иеленген. Бұл — еліміз үшін бұрын-соңды болмаған жетістік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жұмыс #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);