конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Колледж түлегі Қазақстанның ең жоғары жалақы алаты...

Колледж түлегі Қазақстанның ең жоғары жалақы алатын жас мамандарының бірі

Білім және ғылым 11.04.2025, 16:52 858
Колледж түлегі Қазақстанның ең жоғары жалақы алатын жас мамандарының бірі
Сурет: Gov.kz

Ришад Галиев — Алматы құрылыс-техникалық колледжінің түлегі, оның еңбек жолы жұмысшы мамандықтары туралы стереотиптерді бұзып қана қоймай, маңдай термен адал еңбек табуға ынталандырады. Бүгінде ол елдегі ең жоғары жалақы алатын жас мамандардың біріне айналды. Ришад айына 800 мың теңге табыс табады. Оның еңбек жолы — мақсатқа жетудегі жігерлі табандылықтың және өз ісіне сенудің жарқын мысалы бола алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Ришад — WorldSkills Kazakhstan республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. 2022 жылы ол әлемдік чемпионатқа еліміздің атынан «Сантехника және жылыту» құзіреттілігі бойынша қатысты. Колледждің екінші курсында Ришад колледждің жетекші компаниялармен серіктестігі және дуальды оқыту жүйесі аясында құрылыс алаңдарында тағылымдамадан өте бастады. Осы тәжірибе практикалық дағдылар мен мамандықты іс жүзінде игеруге мүмкіндік берді. Жақын арада ол GROHE халықаралық компаниясынан жұмысқа орналасуға ұсыныс алды.

Ол мамандықты әуел баста ата-анасының кеңесі бойынша таңдады, кейін бұл мамандық оның жүрек қалауына айналған.

«Мен өзім оқыған колледжге және ұстаздарыма алғыс айтамын — олар маған тек білім ғана беріп қоймай, маман ретінде өзіме деген сенімділікті арттырды. Колледждің компаниямен ынтымақтастығының арқасында мен еңбек тәжірибемді ерте бастауға мүмкіндік алдым және бұл менің өсу нүктеме айналды. Мен Жұмысшы мамандықтарының жылы үшін ел Президентіне ерекше ризамын. Бұл маңызды қадам, ол бізге жұмысшы мамандығының иесі болу — құрметті, заманауи және сұранысқа ие екендігін дәлелдейді. Жұмысшы мамандықтары — бұл біздің өз қолымызбен қалап жатқан болашағымыздың іргетасы», — дейді колледж түлегі.

Қазіргі таңда Алматы құрылыс-техникалық колледжінде 1200-ден астам студент оқиды. Олардың 90%-ға жуығы алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады. Дуальды оқыту және жетекші кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастықтың арқасында студенттер 2-3-курстарда ақылы тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушылардың орташа табысы айына 300 мыңнан 500 мың теңге аралығын құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж түлегі #ең жоғары жалақы #жұмысшы мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);