AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көлік саудасында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Көлік саудасында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Заң мен тəртіп 08.12.2023, 04:41 1,051 Almaty-akshamy.kz. 
Көлік саудасында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Сурет: exk.kz
Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі автокөлік сатып алушылар мен сатушыларға ескерту жасады. Құқық қорғау органдары алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын айтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Сонымен қатар, тәртіп сақшылары автокөлікті сатып алушы мен сатушыны бір уақытта алдаған адамның аудио жазбасын ұсынды.





"Көлігін сатқысы келген ақтөбелік бұл туралы танымал сайтта хабарландыру жариялайды. Оған өзін "Артур" деп таныстырған адам хабарласады. Ер адам көліктерді сатып алып, қайта сатумен айналысатынын айтып, өз тұтынушыларының бірі оның көлігіне қызығушылық танытқанын айтады. Ол автокөлік иесінің нарықтық құннан жоғары атаған бағасына тез келісіп, одан сайттағы сурет пен хабарландыруды дереу арада жоюды сұрайды. Ер адам мұны былай түсіндіреді: ол сайттағы жарнаманы көрмеуі тиіс тұтынушысына суретті ұсынады, өйткені ол көліктің бағасына тағы үстеме ақы қосады. Көлік иесі ешнәрседен күдіктенбестен оның барлық шартын орындайды".Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі





Осыдан кейін қаскөй жарнама сайтына ол көлікті қайта орналастырады, бірақ өз атынан және бағаны нарықтық бағадан төмен көрсетеді. Хабарландыруға ақтөбелік жас жігіт қызығушылық танытады.



"Ол телефон арқылы "сатушымен" байланысұа шығып, барлық мәліметті талқылап, көлікті көруге ниет білдіреді. Өтірікші-сатушы оған көліктің туысының үйінің ауласында тұрғанын айтады. Содан кейін ол дереу автокөлік иесіне-сатушыға қоңырау шалып, сатып алушыны оған жібергенін жеткізеді. Сондай-ақ  алаяқ нақты сатушыға өзін туысы деуін, сатып алушының автокөліктің жағдайы мен бағасына қатысты сұрақтарына жауап бермеуін, көліктің иесі "Артур" екенін, сондықтан барлық сұрақтарды соған қою керектігін айтуды тапсырады. Алаяқ сатып алушы ақша аударған соң өз үлесін алып қалып, қалған бөлігін бірден автокөлік иесінің шотына аударатынын айтып сендіреді", деп жазды Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл жағдайда сатушы да, сатып алушы да өздерін алаяқ алдап жүргенін аңғармаған. Сатып алушы нақты сатушының қасында отырып, оның келісімімен жалған сатушы-алаяқтың шотына автокөлік ақысын аударған. 


"Алданған сатушы моральдық шығынға ұшырады, ал сатып алушы ақшасыз әрі көліксіз қалды. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тергеу шаралары жүргізілуде", делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #қылмыс #заң #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);