конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Заң мен тəртіп 05.08.2026, 17:04 168
Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады
ҚР Көлік министрлігі

Жазғы маусымның жалғасуына және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы, әсіресе демалыс аймақтары мен өңіраралық бағыттардағы көлік қозғалысының қарқындылығының артуына байланысты жүргізушілерге аса мұқият болу ұсынылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Белгіленген жылдамдық режимін сақтау, басып озу қағидаларын қатаң орындау, шаршаған күйде көлік тізгініне отырмау, сондай-ақ қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде және қараңғы уақытта ерекше сақтық таныту қажет. Балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктері мен арнайы балаларды ұстап тұратын құрылғыларды міндетті түрде пайдалану керек. Жол қозғалысына қатысушы әрбір адамның тәртібі мен жауапкершілігі жол қауіпсіздігінің басты кепілі болып қала береді, өйткені жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі адам факторынан туындап отыр.

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жүргізушілердің көлік тәртібін сақтамауы. Жол-көлік оқиғаларының 91%-ы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзумен байланысты. Құқық бұзушылықтардың ішінде жылдамдықты арттыру – 33%, көлік құралын басқаруды жоғалту – 14%, арақашықтықты сақтамау – 13%, жол белгілерінің талаптарын елемеу – 10% құрайды. Бұл деректер көлік тәртібін нығайту жол-көлік оқиғаларының санын одан әрі азайтудың негізгі резерві екенін дәлелдейді.

Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға төмендеп, 1 507 жағдайдан 1 371 жағдайға дейін қысқарды. Бұл динамикаға көліктік жүктеменің айтарлықтай өсуі аясында қол жеткізілді – жарты жылда қозғалыс қарқындылығы 37%-ға артып, 22,3 млн көлік құралын құрады.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал еткен құралдардың бірі – жалпы ұзындығы 2,3 мың шақырымды құрайтын ақылы жол учаскелерінде енгізілген орташа жылдамдықты бақылау жүйесі. Бұл шара аталған учаскелерде жол-көлік оқиғаларының санын 17%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Соңғы бес жылда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолының 45%-ы I және II техникалық санаттарға ауыстырылды. Нәтижесінде қарсы бағыттағы көлік ағындары бөлініп, жолдың жүру бөлігі кеңейтілді. Транзиттік көлік қозғалысын елді мекендерден шығару мақсатында 65 айналма жол және 38 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағдарламасы аясында жолдағы жағдай мен жылдамдық режимі туралы ақпарат беретін жол белгілері мен ауыспалы ақпараттық таблолар орнатылды. Сондай-ақ 22 ақылы жол учаскесінде жылдамдықты бақылауға арналған 56 лазерлік құрылғылар іске қосылды. Бұдан бөлек, жыл сайын 8 мыңнан астам жол белгісі ауыстырылып, жол таңбалары жаңартылып, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпау керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік министрлігі #жүргізушілер #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);