Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көлік министрлігі 2024 жылғы жұмысын қорытындылады

Көлік министрлігі 2024 жылғы жұмысын қорытындылады

Әлеумет 17.12.2024, 17:12 902
Көлік министрлігі 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қазақстанның көлік саласының өсуін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл жол құрылысы және көлік инфрақұрылымын жаңарту саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, жол-құрылыс жұмыстарымен 12 мың шақырым жол қамтылды. Төрт негізгі автожол дәлізін: Қарағанды–Алматы (879 км), Талдықорған–Өскемен (768 км), Ақтөбе–Қандыағаш (96 км), және Атырау–Астрахань (212 км) реконструкциялау аяқталды. Бұдан басқа, халықаралық тасымалдау саласында реформалар: шетелдік рұқсат бланкілерінің электрондық форматына көшу жүргізілді. Сегіз күннен бір күнге дейінгі мерзімдерді оңтайландыру, сондай-ақ ірі монополистердің басым құқығы тоқтатылып, Өзбекстанмен рейстер санын 5 мыңнан 33 мыңға дейін, Қытаймен – 50 мыңнан 230 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

 Қоғамдық көлік паркінің соңғы 2 жылда 3 267 автобусқа жаңартылуы техниканың тозуының 40%-дан 30%-ға дейін төмендеуіне әкелді.

Сонымен қатар 2024 жылы 1 401 шақырым теміржол желісі жөндеуден өткізіліп, 185 локомотив, 1,6 мыңнан аса жүк және 143 жолаушылар вагоны сатып алынды. Авиация саласында қазақстандық компаниялар 10 ұшақ сатып алып, тасымалдау сыйымдылығын 7%-ға арттыруға ықпал етті. Халықаралық әуе маршруттарының желісі 22 бағыт бойынша кеңейтілді. Алматы мен Қызылорда әуежайларында жаңа терминалдардың құрылысы аяқталды, Шымкентте жұмыс аяқталу сатысында. 

Осыған қоса, ТХКБ дәлізінің өткізу мүмкіндігін ұлғайту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы 11 айда осы бағыт арқылы тасымал көлемі 63%-ға өсіп, 4 млн 100 мың тоннаға жетті. Контейнерлік тасымалдар 2,6 есеге, оның ішінде Қытайдан келетін транзит 26 есеге артқан. Жалпы алғанда, көлік қызметтерінің көлемі қаржылай түрде 13%-ға өсіп, 7,7 трлн теңгеге жетті. 

Оның ішінде жүк тасымалының өсуі байқалады: 

автомобиль көлігімен 19,8%-ға; 

жүктерді құбыр көлігімен тасымалдау бойынша 7,5%-ға; 

 теміржол көлігімен 2,6%-ға;

ішкі тасымалдар 8,8%-ға; 

транзиттік жүк тасымалдау көлемі 6,1%-ға; 

контейнерлік транзит 8,7%-ға артты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #қорытынды #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.