Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көлік министрі ел өңірлерінің жол сапасын тексеру...

Көлік министрі ел өңірлерінің жол сапасын тексеру үшін жұмыс сапарын бастады

Әлеумет 09.09.2024, 10:05 1,650
Көлік министрі ел өңірлерінің жол сапасын тексеру үшін жұмыс сапарын бастады
Сурет: Gov.kz

Ел Президенті қойған тапсырманың орындалуы аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев өңірлерге жұмыс сапарымен шықты.

Облысаралық және ауданаралық 10 мың шақырым жол орта жөндеуден өтуі тиіс. Дәл осы бағыттағы жолдармен халық жиі қатынайды.

Министрдің Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы бағытындағы жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Алғашқы маршрут Ақтаудан Атырауға дейін. “Ақтау-Жетібай-Шетпе” аралығындағы орташа қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жай-күйі тексерілді. Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар А-33 "Доссор-Бейнеу-Сайтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автомобиль жолын жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын 632-662 шқ және 662-692 шқ учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Бұл екі учаске аймақтың Маңғыстау ауданында орналасқан. Күре жол учаскелері II техникалық санатқа жатады. Орташа жөндеу жұмыстары аясында жол жабыны жаңартылады. Мердігер ұйым орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтаған соң 2 жыл бойы екі учаскенің бұзылмауына кепілдік береді. Күре жолдың жағдайын жақсарту маңызды. Себебі бұл жол Маңғыстау өңірін еліміздің басқа өңірлерімен байланыстырып тұр.

Іссапар аясында жоғарыда аталған өңірлердің халқымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады. Өзге де аймақтардың жол жағдайымен танысып, министрлікке қарасты нысандар тексеріледі. Атқарылуы тиіс жұмыстар негізге алынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік министрі #Жұмыс сапары #жол сапасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.