Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көлік колоннасы мен митингке қатысты министрлік жа...

Көлік колоннасы мен митингке қатысты министрлік жауап берді

Әлеумет 17.10.2023, 09:28 1,259
Көлік колоннасы мен митингке қатысты министрлік жауап берді
Сурет: видеодан алынды

Биыл 25 қазанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл күні заңсыз митинг ұйымдастыруға жол бермейміз. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Үкіметтің баспасөз орталығында БАҚ өкілі ІІМ өкіліне сұрақ қойды.



"Әлеуметтік желіде жолда кетіп бара жатқан полиция көліктерінің видеосы тарады. Видеоның авторлары полиция 25 қазанда болатын митингке дайындалып жатқанын айтады. 25 қазанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істей ме? Сіз бұл видеоны көрдіңіз бе? Әлеуметтік желі арқылы адамдарды митингке шақыру заңды ма? Мұндай әрекетке барғандар жауапқа тартыла ма?", - деді ол вице-министрге.






Игорь Лепеха бұл видеоны көрмегенін айтты.





"Бізде адамдар әскери колонна кетіп бара жатса, соғыс басталды, полиция колоннасы кетіп бара жатса, митинг шыққандарды қуғалы бара жатыр деп ойлайды. Мен полиция көліктерінің қайда бара жатқанын білмеймін. Біз неге дайындалуымыз мүмкін? Бүгін тек 17 қазан ғой", - деді ол.



Министрдің орынбасары мереке күндері полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтінін, заңсыз митинг ұйымдастыруға жол бермейтінін атап өтті.



"25 қазан (Республика күні) мемлекеттік мереке ғой. Біз оған дайындаламыз. Біз (ІІМ) күшейтілген режимде жұмыс істейміз. Қазір әкімдіктерден барлық іс-шараны сұрап жатырмыз. Онда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеміз.

25 қазанға митингке шақыруға тоқталайын. Оны ДВК мүшелері істеп отыр. Қазақстанда ол заңсыз экстремистік ұйым болып саналады. Біз ешқандай митинг өткізуге жол бермейміз", - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Митинг #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.