AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / «Көктөбедегі Көрісу күні»: алматылықтарды дыбыстық...

«Көктөбедегі Көрісу күні»: алматылықтарды дыбыстық дрондар мен роботтар Көрісу күнімен құттықтады

Алматы құшағында 14.03.2026, 15:57 682
«Көктөбедегі Көрісу күні»: алматылықтарды дыбыстық дрондар мен роботтар Көрісу күнімен құттықтады
Қайрат Қонысбаев

14 наурыз күні Алматыда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу күні кең көлемде атап өтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік іс-шара қаланың көрікті орындарының бірі – Көктөбеде өткен «Көктөбедегі Көрісу» атты концерттік бағдарламамен басталып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады.

Биылғы мерекелік кештің басты ерекшелігі – заманауи технологиялардың кеңінен қолданылуы болды. Іс-шара дыбыстық дрондардың әсерлі әуе шоуымен ашылып, Көктөбе аспаны мерекелік көрініске бөленді. Жоғары технологиялы дрондар әуеде қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, Көрісу күніне тән ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды. Бұл әсерлі көрініс жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, концерттің символдық басталуына айналды.

Кештің ең ерекше әрі көпшіліктің қызығушылығын тудырған сәттердің бірі «Жасанды интеллект жылы» аясында роботтардың мерекеге қатысуы болды. Заманауи роботтар халық арасына шығып, көпшілікпен көрісіп, құшақтасып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік бағдарлама «Алатау» дәстүрлі өнер театры артистері дайындаған театрландырылған қойылыммен жалғасты. Қойылымда қазақ халқының көне дәстүрі – көрісу салты сахналанды. Артистер көрермендермен көрісіп, құшақтасу арқылы Көрісу күнінің мәні мен маңызын айшықтай түсті.

Кеште қазақстандық танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Концертте Айгүл Қосанова, Мәдина Сәдуақасова, «Алатау серілері», «КешYOU», «Made in KZ», «Тұмар» топтары және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты. Бұл күні Көктөбеге көтерілетін аспалы жол келушілер үшін тегін болды. Сонымен қатар мерекеге келген тұрғындар мен қонақтарға тегін шай ұсынылды.

Дрондар мен роботтардың қатысқан «Көктөбедегі Көрісу» мерекесі алматылықтар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Наурыз мейрамының басталуын айшықтаған мәдени оқиғаға айналды. Бұл бастама Алматыда Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтудің ерекше үлгісі ретінде есте қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көктөбе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);