AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көктемгі егін егу науқанына 674 фермер қаржы алып...

Көктемгі егін егу науқанына 674 фермер қаржы алып үлгерді

Әлеумет 07.01.2025, 14:45 782 dulatbekova
Көктемгі егін егу науқанына 674 фермер қаржы алып үлгерді
Cурет: АШМ

Мемлекет басшысының 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жеңілдетілген несие беру бойынша өтінімдерді қабылдау 2024- жылдың 29-қарашасында басталды.

AШМ мәліметіне сай, бұл шара фермерлердің қажет тұқымды, тыңайтқышты, өсімдік зиянкестеріне қарсы дәрі-дәрмектерді ерте сатып алып, техникаларын жарақтап, егін егу науқанын сапалы жүргізулері үшін қабылданды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие беру жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда жалпы сомасы 153,9 млрд теңгені құрайтын 1337 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі Корпорацияға жүгінген. Оның ішіндегі жалпы сомасы 136,2 млрд теңге болатын 1002 фермердің өтінімі қаралуда. Ал 674 фермер көктемгі егін егу науқанына 100,2 млрд теңге несие қаржыларын алып үлгерді.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты астықты аймақтардың егін егетін фермерлері арасында белсенділік жоғары екені байқалуда.

«Максимовское» ЖШС «Кең дала 2» бағдарламасына қатысу үшін өтінім берген алғашқы шаруашылықтардың бірі болды.

«2024-жылғы көктемгі егіс жұмыстары басталар алдында бізге «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша несие алу ұсынылды. Біз 500 млн теңге көлемінде қаражат алдық, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарға қатысты барлық міндеттемелерді өтедік. Егін жинау жұмыстарын сәтті аяқтап, қарызымызды жаптық. 2025-жылдың көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру жұмыстарының арқасында біз қазірдің өзінде 800 млн теңге алдық. Бұл теңдессіз бағдарлама. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бұдан жақсысын табу мүмкін емес деп ойлаймын», – деді «Максимовское» ЖШС директоры Александр Закусилов.

Еске сала кетейік, Президенттің тапсырмасын орындау аясында көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді, оның шамамен 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады. Үкімет қабылдаған шаралар фермерлерге ең қолайлы шарттармен қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қарыздарды рәсімдеу мен өтеу үшін жүгінуге болатын қаржы институттарының саны көбейтілді. Қаржыландыру екінші деңгейлі банктер, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы қолжетімді болады.
Кепілдік жетіспеушілігін шешу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беруді қарастырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#егін егу #қаржы #Жеңілдетілген несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);