AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдерд...

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Әлеумет 22.12.2025, 17:40 578 dulatbekova
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда
Сурет: Gov.kz

Ұлттық астық операторы Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2026 жылға арналған форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын ерте қаржыландыруға ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтінімдерін қабылдауды жалғастырады.

Осы мақсаттарға шамамен 40 млрд теңге бағытталады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Мемлекеттік қолдау шарасы шағын және орта фермерлерге де, ірі агроөнеркәсіптік кешендерге де қолданылады.

Форвардтық қаржыландыру бағдарламасы аясында жоғары маржиналды дақылдар өндірісін ынталандыруға баса назар аударылады. Жаңа аграрлық маусымда жүгері өсіруге маманданған шаруашылықтарға аванс беру қарастырылған.

Форвардтық келісімшарттардың талаптары бойынша Азық-түлік корпорациясы көктемгі егіс науқаны басталғанға дейін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шоттарына алдын ала төлем жүргізеді, бұл фермерлерге дала жұмыстарын жүргізуге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Егін жинап, ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлттық оператордың ресурстарына жеткізгеннен кейін аграршылар нарықта қалыптасқан бағаларға байланысты астық үшін қосымша ақы ала алады.

Дәстүрлі түрде өсімдік өнімдеріне сатып алу бағасы күзде белгіленеді.

2026 жылға арналған ауыл шаруашылығы өндірушілеріне алдын ала төлем мөлшері ҚҚС есебімен:

  • жұмсақ және қатты бидай - 60 000 теңге/тонна
  • арпа - 50 000 теңге/тонна
  • жүгері - 50 000 теңге/тонна
  • күнбағыс - 100 000 теңге/тонна
  • майлы зығыр және рапс тұқымдары - 100 000 теңге/тонна.

Қаржыландыруды әділ бөлу мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілерінен форвардтық келісімшарттар жасасуға арналған барлық өтінімдер облыс әкімдіктері жанындағы үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберіледі.

Форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері:

- бидай, арпа, жүгеріні жеткізу кезінде - 2026 жылғы 02 қарашаға дейін, қоса алғанда;

- күнбағыс, майлы зығыр және рапс тұқымдарын жеткізу кезінде - 2026 жылғы 16 қарашаға дейін, қоса алғанда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу EXW («франко-завод») шарттарында жүзеге асырылады.

Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысу туралы қосымша ақпаратты келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:

Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі 2375), 59-12-61 (ішкі 2261), 55-11-60 (ішкі 2476);

Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;

Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;

Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66;

Алматы облысы: Қонаев қ., +77081862334

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көктемгі дала жұмыстары #қаржыландыру #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);