AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / «Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайы...

«Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

Алматы құшағында 27.04.2026, 16:41 221 yakiya
«Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

25 сәуір күні Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «Көктем көркі – қызғалдақ» атты қалалық фестиваль өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл іс-шара табиғат пен өнердің бірлігін айқын көрсеткен жарқын мерекеге айналды. Экология-биология бөлімі ұйымдастырған бұл басқосу қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін шығармашылық арқылы білдіруге ұмтылған балалардың басын қосты.

«Көктем көркі – қызғалдақ» фестивалі бүгінде игі дәстүрге айналды. Бұл мерекенің басты мақсаты - гүлдердің әсемдігі арқылы өскелең ұрпақтың бойына сұлулыққа деген сүйіспеншілікті ұялату. Балалар табиғаттың көркіне тамсанып қана қоймай, оны аялауды, қоршаған ортаның нәзіктігін сезінуді және өсімдіктер әлемін сақтау жолындағы жауапкершілікті түсінуді үйренеді», – деді Оқушылар сарайының директоры Айгүл Байсымақова жобаның мән-маңызына тоқталып.

Бұл ойлар фестивальдің әр кезеңінен көрініс тапты. Іс-шара аясында өткен «Көктем сыйы» байқауында жас қатысушылар табиғи материалдар мен көктем гүлдерінен ерекше композициялар жасаса, «Көктемнің нәзік гүлі» сән шеруінде балалар экологиялық таза әрі қайта өңделген материалдардан дайындалған креативті образдарын паш етті. Сонымен қатар «Менің қызғалдағым» атты пленэр мен арнайы шебердің дәрісі жас дарындардың шығармашылық ізденісіне жол ашты.

Мерекелік бағдарламада би ансамбльдерінің, этноансамбльдердің, вокалдық топтардың, жеке дара әншілер мен аспапшылардың әуезді өнері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сахна төрін думанға бөледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);