AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көкпар спортының әдістемелік құралы жарық көрді

Көкпар спортының әдістемелік құралы жарық көрді

Әлеумет 30.12.2022, 10:12 1,279
Көкпар спортының әдістемелік құралы жарық көрді
Сурет: Baq.kz

Әдістемелік құрал көкпар тартуды үйренем деген балаларға ұсынылады.


Қазақстанда алғаш рет «Көкпар спортының оқу әдістемелік құралы» дайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап.


Алайда Тәуелсіздік алғалы бері бұл спорттық оқу-әдістемелік құралы жасалмаған еді. Бұл олқылықтың орнын ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы толтырды. Белгілі көкпаршылар, жаттықтырушылар мен тәжірибелі мамандардың қатысуымен елімізде алғаш рет «Көкпар спортының оқу әдістемелік құралы» дайындалды.



«Басты мақсатымыз – қазақ көкпарының, соның ішінде командалық көкпардың дамуына, көкпар тартуды үйренем деген балаларға, үйретем деген бапкерлерге, көкпар спорты кенжелеп қалған өңірлерге өзіміздің білгенімізді, өз басымыздан өткен, елмізге танымал көкпаршылардың басынан өткен көкпарға қатысты тәжірибені ортаға салу. Солардың үйренуіне, меңгеруіне аз да болса сеп болсын деген ниет»,  – дейді оқу құралын дайындаған мамандардың бірі әрі осы оқу құралының авторы, көкпардан ҚР бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев.



Бұрын-соңды көкпар спортынан әдістемелік құрал жазылды дегенді естімеппіз. Ал 2021 жылғы мәлімет бойынша, ұлттық спорт түрлерінен облыс орталықтарында 12 мектеп, 5 клуб бар. Оның сыртында 3 орталық ұлттық спорт үшін жұмыс істеп тұр. Бірақ ешқандай оқу-құралынсыз.


Оқу құралының дайындалуына Ұлттық ат спорты бойынша ҚР Мемлекеттік жаттықтырушы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Нүркен Байбөриев, көкпардан ҚР бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев, көкпардан Алматы облысының аға бапкері Дербісәлі Байділдаев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Жанысбек Саев және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрдәулет Момынов сияқты мамандар еңбек сіңірген.


Сонымен қатар оқу құралы көкпар спортын меңгерем деген жастың қандай жаттығу жасап, көкпар атын қалай дайындауына дейін, тіпті көкпар шабатын атты қалай таңдап алуға болатынына дейін сызба-иллюстрациямен толықтырылған. Иллюстрацияны Ұлан Мүптеке жасады.


Оқулықты дайындау барысында Тараз қаласындағы спорт орталықтары мен «Әулиеата» көкпар командасының жаттығу базасы пайдаланылды.


Әдістемелік құрал көкпар тартуды үйренем деген балаларға, үйретем деген бапкерлерге көмекші ретінде ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көкпар #Қазақстан #әдістеме #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);