AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көкөніс бағасы арзандап жатыр

Көкөніс бағасы арзандап жатыр

Әлеумет 08.07.2025, 11:31 937
Көкөніс бағасы арзандап жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Үкіметте бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш апта қатарынан картоп бағасы 1,3%-ға арзандаса, өткен аптадан сәбіз бағасы 0,9%-ға төмендей бастады

Белгілі болғандай, ерте піскен өнімді жаппай жинау басталысымен, алдын ала күтілгендей, әлеуметтік маңызы бар көкөністер бағасының өсуі тоқтап қана қоймай, төмендей бастаған.

"Егер сәуірде әлеуметтік өнімдердің орташа баға индексі 1,6%-ды құраса, мамырда өсу қарқыны 1%-ға, ал маусымда - 0,7%-ға төмендеді. Соңғы аптада өсім небары 0,1% болды. Сонымен қатар, үш апта қатарынан картоп бағасының 1,3%-ға төмендеуі байқалды. Өткен аптадан сәбіз бағасы 0,9%-ға арзандай бастады. Күріш, қарақұмық, жұмыртқа, ұн мен макорон өнімдерінің бағасы түсіп жатыр. Нан мен сүт бағасы тұрақты болып тұр", деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Қазақстанда отандық азық-түлік өндірісі артып келеді. 2025 жылдың 5 айында оның көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,5 трлн теңгені құрады.

Әлеуметтік азық-түлік тауарларының ішінде ең көп өсім мына азық-түлік түрлеріне тиесілі:
қызылша қанты (4,6 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін);
өсімдік майы (316,3 мың тоннадан 376,8 мың тоннаға дейін);
сары май (13 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін);
ұн (1,3 млн тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін);
ашытылған сүт өнімдері (102 мың тоннадан 106 мың тоннаға дейін);
өңделген сүт (264 мың тоннадан 274,6 мың тоннаға дейін).

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1%). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды.
Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, дейді үкіметтегілер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);