Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көк-Төбе телемұнарасының жарықтандыру құпиясы

Көк-Төбе телемұнарасының жарықтандыру құпиясы

Әлеумет 18.09.2024, 09:52 1,933
Көк-Төбе телемұнарасының жарықтандыру құпиясы
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Алматыдағы «Көк-Төбе» телемұнарасындағы жарықтандыру жүйесінің жұмысын мамандар түсіндірді.

 

Архитектуралық нысандарда, оның ішінде «Көк-Төбе» телемұнарасында, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен басқарылатын медиа қасбеттер орнатылған. Бұл туралы телемұнараның жарықтандыру жүйесіне жауапты мердігер компанияның мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Медиа қасбеттер әр 30 минут сайын сөндіріледі, сол кезде тек прожекторлармен қамтамасыз етілген фондық жарық қана жұмыс істейді. Бұл әдіс энергияны үнемдеп, телемұнараның эстетикалық көрінісін сақтап қалуға көмектеседі.

Осындай технологиялар әлемнің басқа танымал нысандарында да кеңінен қолданылады. Мысалы, Нью-Йорктегі Empire State Building ғимаратында жарықтандыру қарқындылығы мезгіл-мезгіл өзгеріп, кешке сөндіріледі. Бұл әдіс Токиодағы телемұнара мен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимаратында да қолданылады.

Мамандардың айтуынша, ірі сәулет нысандарын жарықтандыру жүйелері көпфункционалды және динамикалық болуы қажет. Бұл талап «Көк-Төбе» телемұнарасын жарықтандыру жобасында да ескерілген, себебі ол Алматы қаласының визит карточкасы болып саналады.

Алматы телемұнарасындағы жарықтандыру кестесі келесідей: күн сайын сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін динамикалық жарықтандыру жұмыс істейді. Ал сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін тек фондық режимде прожекторлық жарық қалады.

Мереке күндері сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнероликтер көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көктөбе #Жарықтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.