ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Кітап оқу мәдениетін қалыптастырсақ, нұр үстіне н...

Кітап оқу мәдениетін қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді - Ерлан Қарин

Мәдениет 10.12.2025, 14:28 378
 Кітап оқу мәдениетін қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді - Ерлан Қарин
Коллаж Аqshamnews.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин кітап оқу мәдениетін дамыту қажетін және ол қоғамның ортақ міндеті екенін айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин кітап оқу мәдениетін дамыту қажетін және бұл қоғамның ортақ міндеті екенін айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті.

"Жуырда "Жас Алаш" газетінде жарияланған бір материалға көзім түсті. Тақырыбы - "Кітап оқымайтын қоғам: Жалған статистикаға жасырынған шындық". Талқыға баспагер Шыңғыс Мұқан, жазушы-баспагер Арман Әлменбет, кітапхана қызметкері Айдос Бектұрсын үн қосыпты. Көтерілген мәселе шынында да өзекті. Жұртшылықты, әсіресе жас жеткіншектерді әлеуметтік желінің жетегіне жібермей, кітап оқуға баулу - бәрімізге ортақ іс, ортақ жауапкершілік. Сондықтан бұл бағыттағы кез-келген идея, кез-келген бастама қолдауға лайықты. Кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапқұмар қоғамға, оқу-білімге құштар ұлтқа айналу - бүгінгі күннің басты талабы. Мемлекет басшысы айтқандай, "Озық ойлы ұлт болудың төте жолы - кітап оқу". Бұл - дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома", - деді ол. 

Сонымен қатар, Ерлан Қарин "мемлекет ешкімді кітап оқуға міндеттей алмайды" деген ұстанымын да нақты жеткізді. Оның пайымынша, биліктің басты міндеті - кітап оқуға қолайлы алғышарттар қалыптастыру. Яғни, оқырман сұранысын қанағаттандыратын сапалы кітаптар шығару, шетелдің үздік туындыларын аудару, оқу кеңістігін кеңейту, білім мен кітап оқуды насихаттау, ынталандыру.

Осы ретте Қарин кейінгі жылдары қолға алынған бірқатар бастаманы атап өтті: Президент бастамасымен 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып бекітілді, әрбір қазақстандық оқуға тиіс 100 кітаптың тізімі жасалды, "Балалар кітапханасы" жобасы іске қосылды, Amanat партиясы "Кітап-Amanat" жобасын жүзеге асырып жатыр. Алматыдағы бірнеше кітапхананың оқу залы тәулік бойы - 24/7 режимінде жұмыс істей бастады, сондай-ақ Президент идеясы бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхананың құрылысы жоспарланып отыр.

Мемлекеттік кеңесшінің мәліметінше, бүгінде көпшілікке арналған кітапханалардың қорында 72 миллионнан аса құжат бар, биыл олардың қоры 1 029 568 жаңа басылыммен толыққан. Цифрлы форматтағы ресурстар да артып келеді: кітапханаларда 2,2 миллионнан аса электрон өнім тіркелген, онлайн оқуға арналған түрлі платформалар жұмыс істейді.

"Қысқасы, оқимын деген жанға мүмкіндік мол, тиісті жағдай жасалған. Енді жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастырсақ нұр үстіне нұр болар еді", - деп жазады Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, ендігі маңызды қадам - кітапқа қолжетімділікпен қатар, қоғамда кітап оқуды мәртебе ететін орта қалыптастыру, көпшілікке үлгі болар оқырман буынын өсіру.

"Сондықтан қоғамдық деңгейде кітапқа деген қолжетімділік пен қызығушылықты арттыру, көпшілікке үлгі болатын оқырмандар ортасын қалыптастыру маңызды. Бұл - бәрімізге ортақ іс", - деп түйіндеді Мемлекеттік кеңесші.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.