Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Kitap Fest 2024»: Кітап пен мәдениеттің мерекесі

«Kitap Fest 2024»: Кітап пен мәдениеттің мерекесі

Әлеумет 14.09.2024, 12:29 2,437
«Kitap Fest 2024»: Кітап пен мәдениеттің мерекесі
Суреттерді түсірген С.Құсайынов

Алматыда «BAURZHAN Foundation» қорының қолдауымен және Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Kitap Fest» кітап фестивалі өтті.

«Kitap Fest» – жыл сайын еліміздегі ірі мегаполисте кітап сүйер қауымды біріктіретін алматылықтардың өміріндегі айтулы мәдени-бұқаралық шара. 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль биыл өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде. Биылғы фестиваль дәстүрлі түрде қала күніне орайластырылған.

«Kitap Fest» – Қазақстандағы алғашқы және ең ірі кітап фестивалі. 10 жыл ішінде бұл шараға 70-тен астам баспа мен кітап дүкендері қатысып, 500-ге жуық жаңа кітап таныстырылды. Биыл фестиваль ерекше бағдарлама ұсынды: ол екі күнге созылып, «Келешек кітабы» тақырыбында өтті.

Келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, қазақстандық авторлармен кездесу, жаңа кітаптардың тұсаукесері, шеберлік сыныптары, байқаулар және балаларға арналған танымдық бағдарламалар күтті. Сонымен қатар, отандық баспагерлер мен кітап дүкендерінің қатысуымен үлкен кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы да өтті, онда қала тұрғындары ауылдық кітапханаларға кітаптар сыйлады.

«Kitap Fest Almaty 2024» аясында жаңа кітаптардың тұсаукесері өтіп, «Жазушылар шатыры» және «Қазақ қаламгерлері» алаңында қазақ әдебиетінің дамуы туралы пікірлер айтылды. Сондай-ақ, «ZHAS ALASH» шатырында жас көшбасшылар кітап оқудың пайдасы туралы ой бөліссе, «Kitap FEST WOMEN» алаңында әртүрлі салада жетістікке жеткен әйелдер табысқа жетудің құпияларын бөлісті.

Кітап жәрмеңкесінде 60 жетекші баспа мен кітап дүкендері өз өнімдерін 40%-ға дейінгі жеңілдікпен ұсынды. Сонымен қатар, сирек кітаптар көрмесі мен иллюстраторлар көрмесі де ұйымдастырылды, онда үздік 35 иллюстратордың жұмыстары қойылды. «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесінде мерейтойлары аталып өтілетін тұлғалардың архивтік фотосуреттерінен фотоколлаждар жасалды.

Фестиваль аясында зияткерлік ойындар, балаларға арналған ойын-сауық шаралары және 1 миллион теңге көлемінде кітап сертификаттарын ұтысқа салу сынды түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, жазушы-ғалым Санжар Керімбай қазіргі кітап нарығы мен оқырмандар жайлы: «Қазір де кітап оқылады. Егер жазушы оқырманның жүрегіне жол тауып, олардың сұрақтарына жауап бере алса, шығармалары өтімді болады», – деді.

Көрмеге келген оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, кітапқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айтты. «Бұрын кітапты жата-жастана оқитынбыз. Қазір немерелерге кітап оқыту қиын, дегенмен соңғы уақытта жақсы шығармалар шыға бастады, сондықтан балаларда кітапқа деген қызығушылық артып келеді», – деп ойымен бөлісті оқырман Құрманбек Қалдаров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Kitap Fest Almaty 2024 #Мәдениет басқармасы #кітап сүйер қауым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«SMART BALA» жобасы аясында өткен «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» аудандық байқауы

Бүгін 16:16

Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 15:58

Алматыда халық композиторы Манарбек Ержановтың таңдаулы туындылары шырқалды

Бүгін 15:40

Алматының имамы колония жастарын теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеуге шақырды

Бүгін 15:38

Балалар арасында қызылша өршіп тұр

Бүгін 15:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі