AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Киссинджер де келместің кемесіне мініп кетті

Киссинджер де келместің кемесіне мініп кетті

Өмір-өзен 30.11.2023, 06:53 1,700
Киссинджер де келместің кемесіне мініп кетті
Сурет: интернеттен

Генри Киссинджердің шын аты-жөні – Хайнц Альфред Киссингер.


АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер 100 жасқа келіп, дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол «дипломатияның гроссмейстері», «бүкіл әлемнің кеңесшісі», «сыртқы саясаттың гуруы» деп аталып кеткен.


Оның қайтыс болғаны туралы Kissinger Associates Inc халықаралық консалтинг фирмасы хабарлады.


Генри Киссинджердің шын аты-жөні – Хайнц Альфред Киссингер. Ол 1923 жылы қазіргі Германияның аумағында болған Веймар Республикасында туған.




1969-1975 жылдары АҚШ президенттері Ричард Никсон мен Джеральд Фордтың кеңесшісі, 1973-1977 жылдары мемлекеттік хатшы болған.



Киссинджер АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы кезінде КСРО-мен және Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуға тырысқан. Сол үшін ол Нобель сыйлығын алған.



1973 жылы Киссинджер Израиль мен Араб әлемі арасындағы қарым-қатынастың реттелуіне араласып, мықты дипломат екенін дәлелдеген. Сол кезден бері ол «дипломатияның гроссмейстері», «бүкіл әлемнің кеңесшісі», «сыртқы саясаттың гуруы» деп аталып кеткен.




Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметінен кеткеннен кейін Kissinger Associates Inc деген халықаралық консалтинг фирмасын ашқан. Содан көз жұмғанша осы компанияны басқарып келді.


Foreign Policy журналының сауалнамасына қарағанда, ол АҚШ-тың соңғы 50 жылдағы ең мықты мемлекеттік хатшысы болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#генри #киссинджер #АҚШ #хатшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);