ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Кіреберіс қойма емес: арба мен велосипед үшін айып...

Кіреберіс қойма емес: арба мен велосипед үшін айыппұл салынуы мүмкін

Мұны білген жөн 01.08.2025, 11:32 565
Кіреберіс қойма емес: арба мен велосипед үшін айыппұл салынуы мүмкін
yaplakal.com
Тұрғын үйде подъезге қоқыс, балалар арбасын, велосипед немесе тағы да басқа заттарды қойғаны үшін азаматтарға Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сай айыппұл салынады. Егер оқиға...

Тұрғын үйлердегі кіреберістер, баспалдақ алаңдары мен аулалар – ортақ пайдалануға арналған орындар. Сондықтан ол жерлерде балалар арбасы, велосипед, жиһаз секілді жеке заттарды сақтауға болмайды. Мұндай әрекет үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне сай айыппұл қарастырылған. Қандай айыппұл және бұл туралы заңгер не дейді? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

1. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу

Егер жеке заттар (арбалар, велосипедтер және т.б.) эвакуация жолдарына кедергі келтірсе, бұл өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу ретінде саналады.

  • ҚР ӘҚБК 410-бабына сәйкес – 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
  • Егер бір жыл ішінде қайталанса – 10 АЕК (39 320 теңге).

Заңгер Ержан Болатбектің айтуынша, 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, эвакуациялық есіктер мен жолдарды ешқандай затпен жабуға немесе тарылтуға болмайды. Өрт кезінде бұл адамдардың қауіпсіз шығуына кедергі келтіруі мүмкін.

2. Өртке қатысы жоқ орындарда тұрған жағдайда

Егер арба немесе велосипед өрт жолдарына кедергі келтірмейтін жерде тұрса, бірақ тұрғындардың арызы негізінде шағым түссе, ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылады:

  • 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл.

3. Қоқыс шығарып қойған жағдайда

Кіреберіске немесе ортақ аумаққа қоқыс қойғандар ҚР ӘҚБК 434-2 бабына сәйкес жазаланады:

  • Бірінші рет – 10 АЕК (39 320 теңге),
  • Қайталанса – 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл.

Заңгердің айтуынша, егер осындай әрекет салдарынан біреудің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнсе, іс тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін барады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.