Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Кіндікке май жағып, көп ауруды емдеуге болады»

«Кіндікке май жағып, көп ауруды емдеуге болады»

Әлеумет 21.06.2023, 02:51 1,129
«Кіндікке май жағып, көп ауруды емдеуге болады»
stopfake.kz

Әлеуметтік желіде «Кіндікке май жағып, көп ауруды емдеуге болады» деген жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz stopfake.kz сілтеме жасап.




Кіндікке әртүрлі май жағып, буын ауруларын, саңырауқұлақтарды емдеуге, көру қабілетін түзетуге, тері мен шаштың сапасын жақсартуға болады екен. Белгісіз дәрігердің атынан осындай ерекше кеңес  тарауда. Бұған ғылыми негіз бар ма?  Анықтайық.


Кіндік – бұл әр адамның денесіндегі алғашқы тыртық. Біз әлі құрсақта болған кезде ол денеміз плацентаға кіндік арқылы қосылған жерде қалады. Кіндіктің өзінде көктамыр және екі кіндік артериясы болады. Біріншісі ұрыққа оттегімен байытылған қан жеткізеді. Екіншісі арқылы баланың қалдықтары мен көмірқышқыл газы анасына қайтарылады.


Туғаннан кейін кіндік қалдықтары кеуіп,  түсіп қалады. Кіндіктің көктамыры бауырдың дөңгелек байламын құрайды.


Жалпы, кіндік ересек адамның анатомиясы үшін маңызды емес. Ол эстетикалық функцияны атқарып, дәрігерлерге ішті көзбен секторларға бөлу үшін қажет. Сондай-ақ лапароскопиялық операциялар кезінде кіндік керек органдарға тез және тікелей қол жеткізу үшін тесік ретінде қолданылуы мүмкін.


Халықтық медицинада кіндікке эфир майларын жағу арқылы терінің сапасын жақсартуға, тері ауруларын емдеуге, шаштың түсуін тоқтатуға және көру қабілетін түзетуге болады деген пікір қалыптасқан. Кейбір дереккөздерд кіндікке жағылған нима майы контрацептив қызметін атқарады делінген.


Бірақ әртүрлі дереккөздерде әртүрлі майлардың бірдей қасиеттері сипатталған. Мысалы, Қазнетте қыша майы бас ауруын емдейді деп жазылса, ресейлік сайттарда оны кіндікке жақса, құрғақ тері жақсарады делінген. 


Жалпы, кіндікке май жақса, оның қандай да бір көмегі болатынына дәлел жоқ. Бұл тақырып бойынша зерттеулер жүргізілмеген, кіндік көру органдарымен, буындармен байланысты емес, сонымен қатар саңырауқұлақ инфекцияларына да әсер ете алмайды. Сондай-ақ контрацепция ретінде эфир майына сенім атпаған жөн. Бұл әдіс те, көптеген басқа «халықтық» әдістер сияқты, ғылыми тұрғыдан расталмаған. 


Құрғақ ерін, шаш және теріге келетін болсақ, дерматологпен кеңескеннен кейін майларды тікелей сол жерлерге жаққан әлдеқайда пайдалы.


Сондай-ақ эфир майларын теріге жаққан кезде аллергиялық реакциялар болуы ықтимал екенін ұмытпаңыз. Оның белгілері – терідегі көпіршіктер, бөртпелер, жарықтар мен қабыршақтар, терінің май жаққан бөлігінде қызу мен шаншудың сезілуі.


Демек, эфир майларын кіндікке жағу  мағынасыз. Мұндай ем түрінің қандай да бір аурудан жазатынына ешқандай дәлел жоқ. Кіндік – бұл адам ағзасының мүшелер жүйесімен байланысты емес және көру қабілетіне, буын денсаулығына, фертильділікке және басқа көрсеткіштерге әсер етпейтін тыртық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кіндік #Ғылым #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.