AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кімнің несиесі кешіріледі?

Кімнің несиесі кешіріледі?

Әлеумет 16.04.2026, 09:21 511
Кімнің несиесі кешіріледі?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиесі кешірілетін азаматтар санатын нақтылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атында мүлкі жоқ және табысы төмен азаматтардың соттан тыс банкроттық рәсіміне жүгінуге құқығы бар.

Агенттік басшысының айтуынша, жауапты орган мұндай борышкерді енді өзі іздеп табады. Талапқа сай келетін несиесі бар азаматқа соттан тыс банкрот рәсімін пайдалану мүмкіндігін ұсынып SMS-хабарлама жолданады. Бұл хабарлау жүйесін енгізу себебі – адамдардың бәрі бірдей несиесін кешіруге өтініш беруге құлықты емес. Бірі ерінеді, енді бірі түсінбейді. Банкроттықтан кейін азамат бес жыл бойы банктен жаңа несие ала алмайтыны тағы бар. Сондай-ақ жаңа өзгерістерге сай, енді банктер мен микроқаржы ұйымдары несие берер кезде азаматтың қаржы жағдайын бұрынғыдан да мұқият тексеруі керек.

"Соттан тыс банкрот рәсіміне жүгіну үшін берешегі бар азаматтың меншігінде мүлкі болмауы және табысы ең төменгі жалақыдан аспауы қажет. Азаматтар бұл талапқа көбіне сәйкес келе бермейді. Сондықтан былтыр біз жаңа норма қарастырдық. Оған сәйкес, егер қарыз мерзімі өткеніне бес жылдан асса, мүлкі пен табысына қатысты осы екі талапты сақтамауға болады", деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);