ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кимешек пен хиджаб

Кимешек пен хиджаб

Әлеумет 06.02.2026, 10:13 163
Кимешек пен хиджаб
Нұрболсын Өрістің коллажы
Қазақ қоғамында кимешек пен хиджабты шатастыру жиі кездеседі. Алайда бұл екі бас киімнің шығу тарихы да, атқаратын қызметі де, мәні де мүлде бөлек. Кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі...
Қазақ қоғамында кимешек пен хиджабты шатастыру жиі кездеседі. Алайда бұл екі бас киімнің шығу тарихы да, атқаратын қызметі де, мәні де мүлде бөлек. Кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі болса, хиджаб – ислам дініне қатысты киім үлгісі. Олардың айырмашылығын түсіну ұлттық мәдениет пен діни ұғымдарды дұрыс ажыратуға мүмкіндік береді.
 
Кимешек хиджаб па?
 
Кимешек – хиджаб емес.
Кимешек – қазақ әйелдерінің  ежелгі дәстүрлі бас киімі. Оны негізінен тұрмысқа шыққан, жасы үлкен әйелдер мен әжелер киген. Кимешек бас пен иықты жауып, әйелдің қоғамдағы мәртебесін, отбасылық жағдайын білдірген. Сонымен қатар ол ою-өрнек, кесте арқылы сәндік әрі мәдени мәнге ие болған.
 
Ал хиджаб – ислам дініндегі әйел адамның әуретін жабуға арналған киім. Оның үлгілері әр халықтың мәдениетіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Хиджаб – қазақтың дәстүрлі ұлттық киімі емес, ол діни ұғымға жатады. Шариғат бойынша балиғат жасына толған қыз балаға хиджаб кию міндеттеледі.
 
 
Кимешектің шығу тарихы
 
Кимешек қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан киім. Оның нақты пайда болған уақыты белгісіз, алайда этнографиялық деректерге сүйенсек, кимешек ислам діні енгенге дейін де түркі халықтары арасында болған. Этно-дизайнер Тілек Сұлтанның айтуынша, көне қытай деректерінде, «Құпия шежіреде» және Шыңғыс ханның жары Бөрте ханымның миниатюралық бейнесінде кимешекке ұқсас бас киімдер кездеседі. Бұл кимешектің исламға дейінгі дәуірден келе жатқанын көрсетеді.
 
Қазақ этнографиялық энциклопедиясында кимешектің рулық ерекшеліктерге сай әртүрлі үлгілері болғаны айтылады. Мәселен, Солтүстік Қазақстанда кең тараған орама кимешек ХХ ғасырдың 20–30 жылдарына дейін қолданылған.
 
Кимешектің мәдени маңызы
 
Дәстүрлі қазақ қоғамында кимешек – жай ғана киім емес, әйелдің тұрмысқа шыққанын, ана екенін және қоғамдағы орнын айқындайтын символ болды. Осы ерекшеліктеріне сәйкес, жас келіндердің кимешегі – жеңіл, әшекейлі, кестесі мол болса, жасы үлкен әйелдердің кимешегі – қарапайым, салмақты, өрнегі аз болады.
 
Уақыт өте келе кимешек күнделікті тұрмыстан шыға бастады. Дегенмен оның символикалық әрі эстетикалық құндылығы сақталып қалды. Қазіргі таңда кимешек ұлттық мерекелерде, дәстүрлі шараларда, театрлық қойылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл – қазақ халқының мәдени мұрасына деген құрметтің көрінісі.
 
Айта кетерлігі, кимешекке ұқсас бас киімдер қырғыз, қарақалпақ халықтарында және Қытайдың батысында мекендейтін салорларда кездеседі. Бұл халықтар арасындағы тарихи, климаттық және этномәдени байланыстармен түсіндіріледі.

Ғалым, дінтанушы Айнұр Әбдірасілқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында  қазақта хиджаб болмағанын, алайда орамал тағу – парыз, амал екендігін, дегенмен иман тек онымен шектелмейтінін айтты.  

«Орамал сіздің нақты кім екеніңізді білдірмейді. Оның парыз, амал екенін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ парызды орындаудың өзінің жолдары, жөні бар. Оны ешкім жоққа шығармайды. «Бірақ тек қана иман соған байлаулы, орамалды шешкенде, иман сыпырылып түсіп қалады» деп ешкім айтпайды. Орамалды таққанда, адам күшті иманды болып кетеді деп те ешкім айтпайды. Тақсаң, нұр үстіне – нұр. Таға алмасаң, онда оның да өзі жөні бар. Хиджаб кию туралы менде ешқашан ой болған жоқ. Өйткені қазақта хиджаб жоқ.», деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.