конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

Киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

Әлеумет 04.08.2022, 06:26 1,256
Киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады
Сурет: Turkystan.kz

Алматы қымбат қалалардың қатарында.


Елімізде киім-кешек пен аяқ киім бағасы бір жылда 10%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz                               


2022 жылдың маусым айында киім-кешек пен аяқ киім бағасы бір айда 1,4%-ға, ал бір жылда 9,7%-ға өскен. 



Осы жылдың 1 тамызындағы деректер бойынша, ТМД елдері арасында ең қымбат киім Ресейде екен. Бұл елде джинсы 89,8 АҚШ доллар тұрады. Ерлердің былғары іскерлік аяқ киімінің бағасы 125,2 АҚШ доллар болса, Nike кроссовкаларының бағасы 109,9 АҚШ доллары екен. Ал, жазғы көйлекті 55,2 АҚШ долларына сатып алуға болады.



Қазақстанда ТМД бойынша ең төмен бағалар бар деп айта алмаймыз. Себебі, елімізде джинсы бағасы 67,4 доллар екен. Ерлердің былғары іскерлік аяқ киімінің бағасы 81,3 АҚШ доллар болса, Nike кроссовкаларының бағасы 69 АҚШ доллар болады. Жазғы көйлек бағасы – 33,4 АҚШ доллар. 


Айлық динамикада Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бағалардың өскенін аңғаруға болады. 


Ал, жылдық динамикада Маңғыстау облысының тұрғындары киім-кешек пен аяқ киім бағасының бірден 16,5%-ға өскенін байқаған. Антилидерлер үштігіне Қызылорда және Атырау облыстары кіреді. Ең төмен баға Алматыда (6,3%) тіркелді.


Маусым айында ерлер киімі 1,1%-ға, аяқ киім 2,1%-ға қымбаттаған. Ал, бір жыл ішінде ерлер киімі 9,1%-ға, аяқ киім бағасы 9,5%-ға өскен.



Ерлер киім-кешегі арасында майкалар (14,9%-ға), джинсы (10,7%-ға), спорттық костюмдер (10%-ға), футболкалар (9,8%-ға), шұлықтар (9,7%-ға), қысқы күртешелер (8,7%-ға), жейделер (8,2%-ға), жел күртешелері (7,9%-ға), маусымдық пальто (6,7%-ға), жемпірлер (5,4%-ға), шалбарлар (5,2%-ға) бағалары қымбаттаған.



Бір жыл ішінде ерлер аяқ киімінің бағасы да өзгеріске ұшыраған. Мысалы, сандалеттер мен жазғы туфли (11,6%-ға), қысқы етік (10,4%-ға), ересектерге арналған үй аяқ киімі (9,8%-ға), маусымдық және қысқа бәтеңке (8,9%-ға), туфли (8,1%-ға), кроссовкалар (7,9%-ға) бағалары өскен.


Әйелдердің сыртқы киім бағасы бір айда 1,3%-ға, бір жылда 8,9%-ға өскен. Ал, аяқ киім бағасы бір айда 1,4%-ға және бір жылда 9,5%-ға көтерілген.



Жылдық динамикада көйлектер бір жылда бірден 11,9%-ға, футболкалар 11,2%-ға, қысқы күртелер 10,8%-ға, блузкалар, спорттық костюмдер 8,8%-ға, шалбар мен колготкилер 8,7%-ға қымбаттаған. Бұдан басқа пальто, халат, үлбір тондар, джинсы және т.б. киім-кешек түрлерінің бағасы да көтерілген. 



Бір жылда аяқ киім арасында былғары сандалийлер (12,5%-ға), қысқы етік пен бәтеңке (10,2%-ға), маусымдық етік пен бәтеңке (8,8%-ға), өкшесі төмен былғары туфли (8,4%-ға), кроссовкалар (2%-ға) бағалары өскен.


Балаларға арналған киім-кешек пен аяқ киім бағасы да қымбаттаған.  Сыртқы киім бағасы бір айда 1,1%-ға, ал бір жылда 9%-ға өссе, аяқ киім бағасы бір айда 1,9%-ға, бір жылда 14,7%-ға көтерілген.



Бір жылда футболка (12,8%), пижама (11,9%), шұлықтар мен гольфилер (10,9%), мектеп жасындағы балаларға арналған маусымдық күртешелер (10,5%),  қысқы комбинезондар (10,3%) бағасы қымбаттағанын байқауға болады. Бұдан бөлек мектеп жасындағы балаларға арналған қысқы күртешелер (9,7%), джинсы (9,3%), шалбар (9,1%), колготки (8,6%), ұл балаларға арналған жейделер (8,5%), спорттық костюмдер (7,9%) бағасы да көтерілген.  



Балалар аяқ киімінің бағасы да қымбаттаған. Қысқы балалар етігі мен бәтеңке (15,9%), кроссовкалар (15%), жазғы сандалийлер мен туфли (13,4%), балалар маусымдық аяқ киімі мен қысқа аяқ киім (13%), қыздарға арналған туфли (9,7%) бағалары өскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #киім #ТМД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);