Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Киік аулауға қатысты кей мәліметтер қауіпсіздік ма...

Киік аулауға қатысты кей мәліметтер қауіпсіздік мақсатында құпия болады

Әлеумет 16.10.2023, 13:25 1,011
Киік аулауға қатысты кей мәліметтер қауіпсіздік мақсатында құпия болады
Сурет: Ernur.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев журналистің сұрағына жауап берді. 


Ол киіктерді ату орны неліктен құпия екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


"Мұнда, біріншіден, қауіпсіздік мәселесі бар. Екіншіден, егістік, шабындық орындарын сақтау керек. Халықты дүрліктіріп отырған кей азаматтар бар. Киіктің саны азайса, менің де қабырғам қайысады. Бірақ бүгінде киік саны көбейді, сондықтан мұны реттеу керек", – деді ол.

Министрдің сөзінше, келесі жылы киіктер саны 2,6 миллион басқа жетеді. Ал оның 1,6 миллионы БҚО аумағын мекендейді екен.


"Бұл аймақтағы жайылым көлемі осынша киікті қамтамасыз ете алмайды. Салдары жұтқа әкеп соғуы мүмкін. Оның үстіне ғалымдардың сөзінше, Орал киіктері Бетпақдала киіктеріне қарағанда ұсақтау. Себебі Бетпақдала жайылым кең, шөп жеткілікті. Тіпті киіктердің арасында шөпке талас күшейген. Сіздерден тығылып атып отырғанымыз жоқ", – деп қосты министр.

Ерлан Нысанбаев киік ату орнының құпия болуы көлеңкелі бизнестің өркендеуіне әкеп соқпайтынын мәлімдеді.


"Киік ату мәселесі тың бақылауда, штабтар құрылған. Олардың құрамында түрлі мемлекеттік орган өкілдері бар. Сондай-ақ орман мен аң шаруашылығы комитеті, ішкі істер министрлігінің аймақтардағы өкілдері киікті жасырын ату фактілерін болдырмау үшін әрекет етеді", – дейді Ерлан Нысанбаев.

Еске салайық, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алапат өрт шыққан “Семей орманы” резерваты жұмысшыларының жалақысы қаншаға өскенін айтқан еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киіктер #аулау #құпия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.