AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Кездесу «Бейбіт атом» тақырыбына арналды

Кездесу «Бейбіт атом» тақырыбына арналды

АЭС: Референдум 13.09.2024, 09:59 2,338
Кездесу «Бейбіт атом» тақырыбына арналды
gov.kz

2024 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге А. Мырзахметов университеті, М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы және Гуманитарлық-техникалық академияның студенттері қатысты.

Кездесу «Бейбіт атом» тақырыбына арналды. Министр атом энергетикасының Қазақстан үшін маңыздылығын және оның елдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігіне әсерін түсіндірді. Қазіргі таңда электр энергиясының 66%-ы көмір станцияларынан өндіріледі, ал жаңартылатын энергия үлесі 6%-ға жеткен. 2035 жылға қарай сұраныс 152,4 млрд кВт/сағ-қа жетеді, ал қазіргі қуаттар жеткіліксіз болмақ. Осы себепті, 26,5 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосу қажет.

Көміртегі бейтараптығына бағытталған әлемдік үрдістер және газ генерациясын дамытудың шектеулері жағдайында, АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің тиімді шешімі болып табылады.

Министр студенттерге ядролық реакторлар және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, «Көкшетау Энерго» ЖШС жұмысымен танысып, АЭС құрылысының маңыздылығын түсіндірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АЭС #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);