AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кез келген қазақстандық тегін курс оқи алады

Кез келген қазақстандық тегін курс оқи алады

Әлеумет 20.05.2024, 19:08 1,188
Кез келген қазақстандық тегін курс оқи алады
интернет

Курстар қазақ және орыс тілінде жүргізіледі, ұзақтығы – 72 сағат.

Еңбек министрлігінің жобасы арқылы Skills Enbek білім беру платформасында әр түрлі тегін курстарды оқуға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мысалы Data Scientist курсын деректер ғылымы саласын меңгергісі келетіндерге оқуға болады. Курс қатысушысы деректерді жинау, өңдеу және талдау дағдыларын, машиналық оқыту негіздерін игереді.

Бағдарламалауға қызығушылық танытқандарға "Жаңадан бастаушыларға арналған Python" тегін курсы бар. Бұл курс әлемдегі ең танымал Python тілінің негізгі синтаксисінен дерекқорлармен жұмыс істеуге және нысанаға бағытталған бағдарламалауға кіріспеге дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды.

Қазақстанда кибералаяқтардың күшеюіне орай "Интернет қауіпсіздігі маманы" курсы да өзекті саналады. Мұнда интернет қауіпсіздігінің барлық негізгі аспектілері қамтылады. Курстан кейін маман түрлі саладағы кибер қауіптерді тиімді анықтауға және алдын алуға мүмкіндік алады.

"Продакт-менеджер" курсы өнімдерді басқару саласында мансабын дамытуды көздеген адамдарға арналған. Курста осы салада табысты мансап бастауға қажетті білім мен дағдылар үйретіледі.

Персоналды басқару негіздерін үйренгісі келетіндер HR менеджері курсын оқи алады. Курста HR саласындағы кәсіби жолын енді бастағандар үшін арнайы жасалған және барлық қажетті білім мен дағдылар қамтылған.

Курсты аяқтағаннан кейін қатысушы біліктілікті меңгергені туралы сертификат алады, ол электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#курс #онлайн #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);