Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кешкі уақытта Egov неге істен шыға береді?

Кешкі уақытта Egov неге істен шыға береді?

Әлеумет 10.08.2023, 10:00 1,115
Кешкі уақытта Egov неге істен шыға береді?
Сурет: Kapital.kz

Қазақстандықтар еGov порталының кешкі уақытта және демалыс күндері істемей қалатынына жиі шағым айтуда.


Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Биғаридың түсіндіруінше, азаматтар электрондық үкімет порталына аз кіретін уақыт техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




Ол сондай-ақ бейінді ведомство келіп түскен шағымдардың санын зерделейтінін және техникалық жұмыстар жүргізілетін күндері қазақстандықтардың eGov порталына қаншалықты жиі жүгінетінін талдайтынын атап өтті.



"Кез келген компания әдетте техникалық жұмыстарды түнде немесе демалыс күндері жүргізеді. Техникалық қолдау жұмыстарын ҰАТ АҚ атқарады , олар демалыс күндері адам аз кіретін уақытты таңдаған болуы мүмкін. Менің де порталға кіре алмай қалған сәттерім болды", – деді Биғари брифинг барысында.



Сонымен қатар, цифрлық үкіметті қолдау орталығының басшысы әрбір ведомствоның цифрлық трансформациялау жоспары бар екенін атап өтті.


Реттеу барысында олқылықтар, нормативтік және техникалық мәселелер бар, соның салдарынан электрондық үкімет сайты жұмыс істемей қалады.



"Қазір бізде eGov-да дерек өте көп. Және оларға үнемі сұраныс түседі.  Яғни, демалыс күндері азаматтар қандай да бір мәміле жасағысы келеді немесе анықтама алғысы келеді. Сондықтан, біз жеке егжей-тегжейлі жоспар аясында осы мәселелерді қарастырып, реинжиниринг жасаймыз", - деп толықтырды Рүстем Биғари.



Ол “ҰАТ” АҚ демалыс күндері қазақстандықтардың сұраныстарының санын талдайтынын және техникалық жұмыстарды жұмыс күніне ауыстыруы мүмкін екенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Egov #шағым #кешкі уақыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.