Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кенжехан МАТЫЖАНОВ: Сананы тұрмыс билемесе дейміз

Кенжехан МАТЫЖАНОВ: Сананы тұрмыс билемесе дейміз

Әлеумет 26.07.2022, 11:04 1,127
Кенжехан МАТЫЖАНОВ: Сананы тұрмыс билемесе дейміз
Сурет: Inform.kz
Бізге Жаңа Қазақстанды жасайтын жаңашыл, отаншыл, сергек, білімді ұрпақ керек.

Бізге Жаңа Қазақстанды жасайтын жаңашыл, отаншыл, сергек, білімді ұрпақ керек.


Алматы қаласы мәслихатының депутаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан МАТЫЖАНОВ Жаңа Қазақстанды қандай азаматтар құратыны туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Алматы қаласы мәлихатының депутаты Кежехан МАТЫЖАНОВТЫҢ пікірінше, Мемлекет басшысы Үкіметтің күні кеше өткен кеңейтілген отырысында еліміздің  жаһандық күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Оған бәріміз куәміз және жақсы жағынан дами беруіне тілекшіміз деп санайды.


"Дегенмен, қазір барға қанағат деп тоқмейілсіп отыратын уақыт емес. Президентіміз біраз олқылықтың атын атап, түсін түстеп берді. Мәселен, инфляция үдеп барады. Оны сарапшы-мамандар ғана емес, қарапайым халық та көріп, сезініп отыр. Қазір кім-кімнің айтатыны да қымбатшылық.  Мемлекет басшысы отандық өнімдерге басымдық беру керектігін тілге тиек етті. Жасыратыны жоқ, біз кейде өзіміздің өнім мен шетелдік бұйым қатар  тұрса, жат елдің жылтырағына қол созатынымыз рас. Бізге бәлкім,  патриоттық сезім жетпей жатқан шығар. Біз санаға тұрмыстың үстемдік еткенін қаламаймыз. Бізге Жаңа Қазақстанды жасайтын жаңашыл, отаншыл, сергек, білімді ұрпақ керек", - дейді депутат.


Кенжехан МАТЫЖАНОВ Президент білім саласында да қордаланған мәселе көптігін атап өткенін айтты.


"Күні кеше Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінгенін білеміз. Бұл тың қадам сол мәселелерді шешу үшін қажет болғаны да айқын. Елімізде жеткіншектерге қосымша білім беру жақсы жолға қойылған. Бұл – өрендердің қарым-қабілетін, шығармашылығын дамыту үшін қолға алынған тың бастама. Қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне де мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөліне бастағаны құптарлық қадам", - дейді депутат.


Оның пікірінше, бұл үйірмелер мен секцияларға қатысатын балалар санын 70 пайызға дейін арттырған.


«Білімге салынған қаражат мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы. Сондықтан бұдан ешкім ұтылмайтыны сөзсіз. Үкімет пен әкімдер жұртшылықпен бірлесіп, жобаны жетілдіруге тиіс. Оны сапалы әрі тиімді жасау қажет. Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту қажет. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн. Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.


Кенжехан МАТЫЖАНОВ енді Үкімет пен жаңа министрліктердің өкілдері отандық білім мен ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салатынына сенетінін айтты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,461 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.