ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Кененің шағуы неге қауіпті?

Кененің шағуы неге қауіпті?

Медицина 20.07.2023, 09:30 1,548
Кененің шағуы неге қауіпті?
Сурет: ашық дереккөз
Жазда жазғы серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады

Жазда жазғы серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады


Кене адамға  жабысады және  анестетикалық затты енгізгендіктен мүлдем ауыртпайды. Аш кене өте кішкентай – көкнәр тұқымының мөлшеріндей ғана болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кене адамның денесінде 12 күнге дейін жабысып тұра алады және осы уақыт ішінде диаметрі 2 см болатын шардың мөлшеріне дейін өседі.


Кейбір жағдайларда кенелер энцефалит, кене сүзегі, кене боррелиозы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып, аллергиялық реакциялар тудыратынын есте ұстаған жөн.


Егер кене шағып алса не істеу керек?


Ең дұрысы дереу дәрігерлерге медициналық көмекке жүгіну керек.


Біріншіден, кенені толығымен өз бетінше алу мүмкін емес. Кененің басы жұлынып, жараның ішінде қалуы мүмкін. 


Екіншіден, ем-шара  кезінде кенені ұсақтауға болады. Жәндіктердің уы денеге тері арқылы да енуі мүмкін. Ем-шараны жүргізушіге жұқтыру қаупі бар.


Үшіншіден, егер сіз кенені өзіңіз алып тастасаңыз  оның жұқтырғыштығын білу мүмкін болмайды және оны тексеру үшін маманға бару керек.


Егер кене шағып алғаннан кейін дене температурасының жоғарылауы, ауырсыну, қатты бас ауруы байқалса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Өзін-өзі емдеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.


Жәндіктермен байланыста болудан қалай сақтануға болады? Табиғатқа (жайылымға, егістікке және демалыс орындарына) барған кезде жәндіктердің шағуынан қорғану құралдарын (репелленттерді) өзіңізбен бірге алыңыз.


Қатты, ашық түсті киіммен жақсы киініп, дененің ашық жерлерін  (бет, мойын, қол, тобық) мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз, жабық аяқ киім киіңіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.