AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Келінге ағылшын тілінде бата берген әже желіні шул...

Келінге ағылшын тілінде бата берген әже желіні шулатты

Өмір-өзен 11.03.2022, 10:27 2,063
Келінге ағылшын тілінде бата берген әже желіні шулатты
Сурет: Turkystan.kz

Қазақы рәсім кезінде ағылшын тілінде сөйлеуіне не себеп болғаны белгісіз.


Әлеуметтік желіде жаңа түскен келіннің босаға аттағаннан кейінгі рәсімін жүргізген әженің видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.


Видеода бір қолымен май, бір қолымен түтіндеген адыраспан ұстап, келінге өзін таныстырып жатқан егде жастағы әйел келініне ағылшын тілінде бата береді.



«40 жылдан бері ағылшын пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. Бақытты болыңдар! Үбірлі-шүбірлі болыңдар», – деді ақжаулықты ана ағылшын тілінде.



Осы сәтке куә болып отырған жігіттің туған-туыстары қыран-топан күле жөнелді.  Енді ғана босаға аттаған келін басын изеп, риза кейіппен оң қолына май алып, жанып жатқан адыраспанға тастады. Түтінге қолын тосып, бетін сипады.


Ағылшын тілінде сайраған апа: «Адал келін бол! Бақытты болыңдар!» - деп қазақ тілінде де тілегін айтты.


Үлкен кісінің қазақы рәсім кезінде ағылшын тілінде сөйлеуіне не себеп болғаны белгісіз. Бірақ біз жаңа түскен келіннің ағылшын пәнінің мұғалімі болуы мүмкін деген ойға келдік.


Желі қолданушылары видеодағы рәсімнің табалдырықта жасалуы керектігін айтты. Сондай-ақ келіннің үлкен адамға тік қарап, орнынан тұрмай қойғанын да сынға алды.


Олар «Бұл апа Түлкібастағы Жаскешу ауылында тұрады», «Келіннің отырып алғаны несі?!», «Апа жараған» деп жазды.















Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от ????????ҚАЗАҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ???????? (@qazaq.zhyldyzdary)






Телеграм арнаға жазылыңыз
#келін #бата #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);