AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келесі маусымға дейін: Алматыда субұрқақтардың кон...

Келесі маусымға дейін: Алматыда субұрқақтардың консервациясы аяқталды

Әлеумет 24.10.2024, 09:31 1,423
Келесі маусымға дейін: Алматыда субұрқақтардың консервациясы аяқталды
Алматы қаласы әкімдігі

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық кампаниясы аясында қалада күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Жұмыс маусымының аяқталуына байланысты Алматыда қалалық субұрқақтарды консервациялау жұмыстары аяқталды. Субұрқақтарды консервациялау үдерісі оларды өшіруді, жүйелерден суды ағызуды, жабдықтарды бөлшектеуді және оларды арнайы қоймаларға жеткізуді қамтиды. Сақтау орындарында субұрқақтардың конструкциялары тексеріліп, келесі маусымда үздіксіз жұмыс істеуі үшін профилактикалық жөндеуден өтеді.

«Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету ережелеріне» сәйкес, субұрқақтардың жұмыс маусымы 1 мамырдан 1 қазанға дейін жалғасады. Алматының коммуналдық меншігінде барлығы 65 субұрқақ бар, олардың әрқайсысы қысқы кезеңге мұқият дайындықтан өтеді: мамандар жабдықты диагностикадан өткізеді, сүзгілер мен құбырларды тазартады, тозған бөлшектерді жөндеп, ауыстырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» күзгі кампаниясы аясында қала аумағын тазарту, өзен арналарын тазалау және қалалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Іс-шаралар азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, қалалық инфрақұрылымды қысқы жағдайға дайындауға және қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жарқын күз #субұрқақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);