AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Келесі жылға дейін киіктерді атуға болмайды - Экол...

Келесі жылға дейін киіктерді атуға болмайды - Экология министрлігі

Оқиға 04.01.2023, 12:42 1,122
Келесі жылға дейін киіктерді атуға болмайды - Экология министрлігі
Сурет: Ашық дереккөзі

Қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі күні киік саны 1,3 млн басқа жетіп отыр.


Киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аумағында киіктердің дүниежүзілік популяциясының 90%-дан астамы мекендейді.


«Аталмыш жануарлардың санының азаюына байланысты (2003 жылы 21 мың басты құрады) ҚР Үкіметі оларды қорғау бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдады, оның ішінде киіктерді пайдалануға мораторий енгізілді.



Қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі күні киік саны 1,3 млн басқа (төлдеу кезеңіне дейін) жетіп отыр, айта кету керек, олардың оңтайлы саны 700-800 мыңды құрайды», - делінген министрлік хабарламасында.



Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жануарлары мен киіктердің арасында жайылымдар мен суаратын жерлер үшін бәсекелестік күшейді, киіктердің егін таптау жағдайлары жиіледі. Осыған байланысты, министрлік 2023 жылы киік популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздеме аясында оларды ғылыми зерттеуді жоспарлады, оның барысында мынадай мәселелер зерделенетін болады:


1) киік популяцияларының даму болжамы;


2) киіктердің ареалы мен көші-қон жолдарын нақтылау;


3) киіктердің азықтық базасын зерделеу;


4) ауыл шаруашылығымен бәсекелестікті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу.


Осыған байланысты, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңінде 2022 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрықпен республиканың бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторийді ғылыми негіздемеге сәйкес 2024 жылға дейін ұзартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киік #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);