AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлеріне т...

Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді

Білім және ғылым 24.05.2022, 13:23 3,460
Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді
Cурет: ИА Новости-Казахстан

Алгебра және талдау негіздері оқу пәні бойынша қорытынды атестаттаудан өтеді


2023 жылғы «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді. Олар мынадай талаптарға сай болуы тиіс. Біріншіден, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес, 10, 11 сыныптардағы оқу кезеңінде тоқсандық, жылдық және қорытынды бағалары 5 болуы керек. Сондықтан келесі жылы 10, 11 сыныпта жылдық және қорытынды баға ғана емес тоқсандық та, жылдық та, қорытынды да баға есепке алынады. Екіншіден, жалпы орта білімді аяқтағаннан кейін Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында алгебра және талдау негіздері оқу пәні бойынша қорытынды атестаттаудан өтуі керек», - деді ол министрліктің Instagram парақшасында өткен онлайн брифинг барысында.



Оның атап өтуінше, 2023 жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлері қалған төрт пәнді өздері білім алған мектепте тапсырады.



«Үшінші талап, үміткердің негізгі білім беру туралы үздік атестаты болуы тиіс. Яғни, ол 9 сыныпқа дейін үздік оқуы керек деген сөз», - деді Жомарт Қарамбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын белгі #білім #түлек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);