AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Келешек» мектебіндегі ерекше жоба

«Келешек» мектебіндегі ерекше жоба

Білім және ғылым 11.12.2025, 15:49 713 Bakyt
«Келешек» мектебіндегі ерекше жоба
gov.kz

Астанадағы «Келешек» мектептерінің бірінде ерекше білім беру жобасы – «Тірі табиғат» кабинеті ашылды. Мұнда оқушылар сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылар мен омыртқасыз жануарларды қауіпсіз жағдайда бақылап, зерттей алады. Алдағы уақытта мұндай кабинеттер елорданың тағы 100 мектебінде ашылмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Тірі табиғат» кабинеті – экологиялық мәдениетті қалыптастыратын, биология және жаратылыстану пәндеріне қызығушылықты арттыратын, зерттеушілік дағдыларды дамытатын оқу-тәжірибелік орта. Ол оқу бағдарламасына толық интеграцияланған және 5–11 сыныптарға арналған маңызды білім кеңістігіне айналған.

Кабинетте рептилиялар, өрмекшітәрізділер, омыртқасыздар және жабық экожүйе үлгілері орналастырылған. Барлық жануарларға қажетті жағдай – террариумдар, жарық, температура және ылғалдылық жүйелері қамтамасыз етілген. Бұл оқушыларға тірі ағзалардың тіршілігін қауіпсіз бақылауға мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі ерекшелігі – тәжірибе арқылы оқыту. Балалар зертханалық жұмыстар жасайды, жануарлардың мінез-құлқын бақылайды, ғылыми күнделік жүргізеді. Қазір оқушылар Йемен хамелеоны жұмыртқаларының инкубациясын зерттеп, дамудың кезеңдерін бақылауда.

Сонымен бірге флорариумдар құру жұмыстары жүргізіледі: оқушылар шағын экожүйе жасайды, өсімдіктер отырғызады, жарық пен ылғалды реттейді. Бұл оларға табиғи процестер – ылғал айналымы, топырақ түзілуі, өсімдіктер мен микроағзалардың өзара байланысы туралы түсінікті тереңдетуге көмектеседі.

Жалпы, «Тірі табиғат» кабинеті – білім беру, тәрбие және ғылыми-зерттеу бағыттарын біріктірген маңызды жоба. Ол оқушылардың биологияға қызығушылығын күшейтіп қана қоймай, табиғатты зерттеу мен бақылау дағдыларын қалыптастырып, жас зерттеушілердің таным көкжиегін кеңейтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #білім #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);