AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келер жылы автожолдарды жөндеуге арналған бағалар...

Келер жылы автожолдарды жөндеуге арналған бағалар қолмен енгізілмейді

Әлеумет 27.12.2022, 07:28 1,499
Келер жылы автожолдарды жөндеуге арналған бағалар қолмен енгізілмейді

Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстар 2019 жылдан бастап жүргізілуде.


2023 жылдан бастап Қазақстанда автожолдарды жөндеуге арналған бағалар қолмен енгізілмейді. Dorsmeta бағдарламасы смета жасау кезінде адами факторды жояды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.   


ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырысы бойынша «ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары республикалық маңызы бар қалалық жолдар мен автомобиль магистральдарын күтіп ұстауға, ағымдағы және орташа жөндеуге арналған бағаларды есептеу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «цифрлық сметалық жүйені» құруды жалғастыруда.


Dorsmeta бағдарламасы есептеулерді нақтылауға, белгілі бір жұмыстарды орындау құнын анықтайтын қаржылық құжаттарды дайындауды жеделдетуге арналған.


Тағы бір маңыздылығы – тапсырыс берушілердің немесе жол жөндеу мердігерлерінің есеп айырысу кезінде адами факторды болдырмауы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуы.



«Бұған дейін орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттама қолмен жасалатын. Әр маман ондаған арнайы жинақты қарап, бағаларды енгізуге мәжбүр болатын. Бұл біріншіден ұзақ, екіншіден сенімсіз. Себебі, қателіктер кетіп қалу ықтималдығы жоғары. Көптеген стандарттары бар автоматтандырылған есептеу жүйесі үлкен қателіктердің алдын алуға септігін тигізеді. Мысалы, бір артық сан енгізіліп кетсе, бағдарламаның интерфейсі бірден қателікті көрсетеді», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның инженер-сметашысы Жайна Самажанова.



Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстар 2019 жылдан бастап жүргізілуде, жобаны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарда бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жол #Автожол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);