Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Келер жылы Алматы ұстаздары мен мұғалімдерінің жал...

Келер жылы Алматы ұстаздары мен мұғалімдерінің жалақысы өседі

Әлеумет 09.12.2022, 11:27 900
Келер жылы Алматы ұстаздары мен мұғалімдерінің жалақысы өседі
Сурет: Inform.kz

32-33 мың мұғалімнің жалақысы 25 пайызға артады.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалалық мәслихаттың отырысында келесі жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Келесі жылы мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қоры 170 млрд теңгені құрайды. 32-33 мың мұғалімнің жалақысы 25 пайызға артады, бұл үшін қала бюджетінен 73 миллиард теңге қарастырылған. 2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңгені құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 320 мың теңгеге дейін өседі», - деді ол.



Келер жылы кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің және басқа да білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын 22 пайызға арттыру қарастырылып, оған 9 миллиард теңге қарастырылған.



«Біліктілігін арттырғанын растаған 19 мыңға жуық мұғалім қосымша ақы алады. Бұл үшін қосымша 25 млрд теңге бөлінді», - деп қосты Әсем Нүсіпова.



Сондай-ақ ол мәслихат депутаттарына келесі жылы жалақының көтерілуі денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне де әсер ететінін жеткізді.



«Дәрігерлердің еңбекақысы 30 пайызға, медбикелердің еңбекақысы 20 пайызға, кіші медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 18 пайызға артады. 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 350 мың теңгені, медбикелердікі 205 мың теңгені құрайды», - деп түйіндеді ол.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #дәрігер #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.