AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келер жылдан бастап Қазақстанда Конституциялық сот...

Келер жылдан бастап Қазақстанда Конституциялық сот іске қосылады

Әлеумет 07.11.2022, 11:31 1,453
Келер жылдан бастап Қазақстанда Конституциялық сот іске қосылады
Сурет: Inform.kz

Конституциялық іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі егжей-тегжейлі регламенттелген.


Қаңтар айынан бастап Қазақстанда Конституциялық сот іске қосылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Конституциялық Сот – бұл мемлекеттің конституциялық негіздерін және адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемдік модель. Қазақстанда осындай институтты құру еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті.



«Конституциялық Соттың қызметі үшін заңнамалық, құқықтық негізді қамтамасыз ету, оған Конституциямен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң қабылданды. Конституциялық заң Конституциялық Соттың және оның судьяларының мәртебесін, олардың өкілеттіктерін, кепілдіктері мен қамтамасыз етілуін толық ашады. Сондай-ақ конституциялық іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі егжей-тегжейлі регламенттелген. Конституциялық Сот еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болып табылатынын және биліктің сот тармағына жатпайтынын атап өткім келеді, өйткені бұл мәселе Конституцияда нақты шешілген. Бұл Конституциялық Сот сот шешімдерін қайта қарамайды немесе күшін жоймайды дегенді білдіреді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық Сот өз қызметін бастайды», - деді спикер.



Оның айтуынша, реформаның басты жаңалығы – азаматтарға Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығын беру болып табылады. Бұрын мұндай мүмкіндік қарастырылмаған болатын. Енді Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Азаматтармен қатар, Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы. Осы ережелердің барлығы Конституциялық заңда тиісті реттеуді тапты. 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #Қазақстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);