Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Келер жылдан бастап елімізге келген шетелдіктерден...

Келер жылдан бастап елімізге келген шетелдіктерден туристік жарна алынады

Әлеумет 31.10.2022, 11:25 1,050
Келер жылдан бастап елімізге келген шетелдіктерден туристік жарна алынады
Сурет: Ehonews.kz

Ел Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы қаулысына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктерден туристік жарна алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Шетелдіктер үшін туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады», - делінген Үкімет қаулысында.



Туристер келетін орындарда шетелдіктерден алынатын жарналарға мына мөлшерлемелер қолданылады:


- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – тұру құнының 0%-ы;


- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – тұру құнының 5%-дан аспайтын мөлшері.


Қаулыға сай, туристік жарна мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Сәйкесінше, қаражат жергілікті бюджетке түседі. Бұл ретте туристік алым сомасы өмір сүру құнына қосылмайды.


2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктер үшін мынадай тарифтер қолданылмақ:


- Астана қаласы - 5%;


- Шу ауданы (Жамбыл облысы) - 0%;


- Ордабасы ауданы (Түркістан облысы) - 0%;


- Жетісай ауданы (Түркістан облысы) - 0%;


- Сарыағаш ауданы (Түркістан облысы) - 0%;


- Шардара ауданы (Түркістан облысы) - 5%;


- Рудный қаласы (Қостанай облысы) - 5%;


- Қарабалық ауданы (Қостанай облысы) - 1%.


Шетелдіктер үшін қойылатын жарна мөлшерлемесі ағымдағы статистикалық деректерге немесе маусымға байланысты сараланады. Яғни, туристер қонақүйде жарты күн тұрса, туристiк алым толық күнге алынады.


Туристік алымды туроператорлар шетелдік туристерді орналастыру орындарында тіркеу кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде алады. Қонақүй қызметкерлері мен туроператорлар туристерге әрбір күн үшін туристік жарна алынатынын ескертуі тиіс. Оны төлеген шетелдік азаматқа жарнаны өтегенін растайтын анықтама беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туристер #шетелдік #жарна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.