ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кейінгі бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға...

Кейінгі бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға азайған

Әлеумет 22.10.2025, 10:56 418
Кейінгі бес жылда  Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға азайған
Сурет: Gov.kz
Қоғамда моральдық және отбасы құндылықтарын нығайту – Мәдениет және ақпарат министрлігінің басым бағыттарының бірі.

Қоғамда моральдық және отбасы құндылықтарын нығайту – Мәдениет және ақпарат министрлігінің басым бағыттарының бірі.

2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

2023 жылы осал санаттағы отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжатта көпбалалы және табысы төмен отбасыларға арналған нақты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ ана мен бала құқығын қорғау тетіктері қарастырылған.

Ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында қабылданған заңнамалық өзгерістер. Осы заң аясында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке жатқызылып, балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түріне қатаң жаза енгізілді.

Аталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді.

Осы мақсатта бұрын қызмет етіп келген Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта құрылып, олардың қызметі бірыңғай модель бойынша жүйелендірілді. Нәтижесінде мұндай орталықтардың саны ел бойынша төрт есе, 33-тен 131-ге дейін артты.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Отбасын қолдау орталықтарында көрсетілетін барлық әлеуметтік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Отбасы мен некені сақтау және нығайтуға арналған 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар отбасы өміріне саналы дайындықты арттыруға және ажырасудың алдын алуға бағытталған.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген. Егер 2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40,5 мыңға дейін азайды.

2024 жылы некеге тұруға өтініш берушілерге арналған тегін алдын ала кеңес беру және оқыту жобасы іске қосылды. Жоба Шымкент және Астана қалаларында пилоттық режимде сәтті жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отбасы және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар» атты гранттық жобаны іске асыруда. Жобаның негізгі бастамаларының бірі – «Ата-аналар академиясын» құру. Бұл бастама аясында ата-аналарға арналған онлайн-курстар мен оқыту бағдарламалары ұсынылады. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндіру кездесулері өткізіледі. Жақын арада «Ата-ана.kz» онлайн платформасын іске қосу жоспарланып отыр.

Отбасы институтын және моральдық-әлеуметтік құндылықтарды нығайту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастырады. Соңғы 11 жыл ішінде конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Сонымен қатар, 2023 жылы елімізде Аналар күні (мамыр айының екінші жексенбісі) мен Әкелер күні (маусым айының үшінші жексенбісі) ресми мереке ретінде бекітілді. Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.