ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кейінгі бес жылда елдегі аутизммен тіркелген балал...

Кейінгі бес жылда елдегі аутизммен тіркелген балалардың саны 3 есеге жуық өскен

Әлеумет 22.06.2023, 06:08 1,136
Кейінгі бес жылда елдегі аутизммен тіркелген балалардың саны 3 есеге жуық өскен
Сурет: Altaynews.kz
Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалына жауабында осындай мәлімет берді, деп...

Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалына жауабында осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Соңғы бес жылда аутизм спектрі бұзылу диагнозымен есепте тұрған балалардың саны 3 есеге жуық өсті», - деп жазады вице-Премьер.



Ресми статистика бойынша, 2018 жылы аутизммен ауыратын 4707 бала анықталса, 2019 жылы олардың саны 5193-ке, 2020 жылы 6771-ке, 2021 жылы 8796-ға, 2022 жылы 12 087-ге жеткен.



«Осыған байланысты Үкімет аутизм спектрі бұзылу диагнозын ерте анықтау үшін скринингтерді ұйымдастыру қағидаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, балалардың жүйке-психикалық даму шкаласын өзектендіру жүргізіліп, скринингтердің барлық түрлерін жүргізу алгоритмдерін жетілдірді, медициналық ұйымдар мен психологиялық-медициналықпедагогикалық комиссиялар (бұдан әрі - ПМПК) арасындағы өзара іс-қимыл күшейтілді», - деп жазады Тамара Дүйсенова.



Оның айтуынша аталған скринингтерге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.



«2023 жылдың 3 айының ішінде психофизикалық даму скринингімен 774 мыңнан астам бала қамтылып, 8549 балада психофизикалық дамудың бұзылуы (1,1%) анықталды. Бұл балалар одан әрі түзету әдістерін анықтау үшін ПМПК-ға жіберіледі.


2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын қайта қарап, аутизмді анықтауға арналған жаңа модификацияланған скринингтік тест енгізді», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.