ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Кейінгі 3 жылда іздеу салынған адамдар саны екі ес...

Кейінгі 3 жылда іздеу салынған адамдар саны екі есеге төмендеді – Бас прокуратура

Заң мен тəртіп 07.04.2023, 11:40 1,266
Кейінгі 3 жылда іздеу салынған адамдар саны екі есеге төмендеді – Бас прокуратура
Сурет: ашық дереккөз
Бас прокуратурада Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қаржылық мониторинг, Ішкі істер министрлігінің аумақтық қылмыстық қудалау органдары мен прокуратура басшыларының...

Бас прокуратурада Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қаржылық мониторинг, Ішкі істер министрлігінің аумақтық қылмыстық қудалау органдары мен прокуратура басшыларының қатысуымен күдікті адамдарды іздестірудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.


Құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде кейінгі 3 жылда іздеудегі тұлғалардың саны 5 мыңнан 2,5 мыңға дейін, яғни екі есеге төмендегені атап өтілді, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгінгі таңда 284 адам аса ауыр, 1553 адам ауыр, 574 адам орташа және онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін іздестірілуде.


2023 жылдың басынан бері іздестіруге жарияланған 684 адамның 473-і ұсталды, бұл 70% құрайды.


Ресей, АҚШ, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинадан бүгінгі таңда елге 95 азамат қайтарылды.


Бұл қылмыстық қудалау органдарының үйлестірілген қызметі, іздестіру дерекқорларының күнделікті мониторингін ұйымдастыру және прокурорлық тексерулерді жүргізу, сондай-ақ халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде мүмкін болды.


Ұйымдық және құқықтық шаралар кешенінен басқа, қылмыскерлерді ұстау үшін цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Бет-әлпетті танудың отандық алгоритмі жасалды, оның көмегімен 20-дан астам күдікті анықталды.


2022 жылдан бастап іздестіру жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін «электрондық іздестіру журналы» жүйесі іске асырылуда.


Сонымен қатар кеңесте проблемалық мәселелер, оның ішінде шет мемлекеттердің аумағында қылмыскерлерді ұстауға тартылған полиция қызметкерлерінің штат санын көбейту, сондай-ақ іздеудегі адамдардан іс жүргізу шығындарын өндіріп алу қажеттігі айтылды.


Шара соңында қылмыстық қудалау органдарының басшылары мен облыс прокурорларына қылмыскерлерді іздестіру және экстрадициялау жөніндегі жұмысты күшейту ұсынылды.



«Бас бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау шарасы тағайындалған күдіктілердің тергеу органдары мен соттарға келуінен жалтаруға жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шараларды қабылдау тапсырылды. Жалпы қылмыскерлерді іздеу және ұстау жұмыстары жалғасуда»,-делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.