AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кедергісіз орта: Алматы әкімдігі Шанхай Мүгедекте...

Кедергісіз орта: Алматы әкімдігі Шанхай Мүгедектер федерациясымен ынтымақтастықты нығайтуда

Әлеумет 20.02.2025, 09:47 1,249
 Кедергісіз орта: Алматы әкімдігі Шанхай Мүгедектер федерациясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер федерациясының төрағасы Ду Сунцюанмен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесу Шанхайдағы Sunshine 201 мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру орталығында өтті, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, кеңес беру және бизнес-инкубация бағдарламаларына қатысу қызметтерін ұсынатын көпфункционалды платформа болып табылады. Сонымен қатар, орталықта жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға оңалту және медициналық көмек көрсетіледі. Соңғы жылдары орталықта оңалту қызметтерінің тиімділігі 90% - дан астамға жетті.

Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер Федерациясының ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін заңнаманы және инфрақұрылымды жетілдіру, жұмысқа орналасу тәсілдері, жұмыс орындарын квоталау тетіктері және қызметтерді автоматты түрде іріктеу үшін жасанды интеллектті пайдалану бөлігіндегі жұмыс тәжірибесі Алматы үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу ықтималдығын талқылады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оңалту және жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, Алматы әкімдігі жұмысындағы басымдықтардың бірі инклюзивті ортаны құру, барлық тұрғындар үшін олардың физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан оқуда, жұмысқа орналасуда және әлеуметтік бейімделуде тең мүмкіндіктер беру болып табылады. Қалада ерекше қажеттіліктері бар 56 мың адам тіркелген. Шанхайда 2024 жылы ерекше қажеттіліктері бар 613 100 адам тіркелген және сертификатталған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ҚХР #мүгедектер федерациясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);