ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Катарда қуат үнемдегіш стадиондар қолданысқа беріл...

Катарда қуат үнемдегіш стадиондар қолданысқа берілмек

Әлем 14.08.2022, 09:00 1,449
Катарда қуат үнемдегіш стадиондар қолданысқа берілмек
Сурет: Sportarena.com
Қатар елі қоршаған ортаны қорғауға арналған технологияларға ден қойды. Қазір онда футболдан әлем чемпонатына қызу дайындық жүріп жатыр. Теңбіл доптың басты додасы өтетін стадион құрылысы жан-жақты...

Қатар елі қоршаған ортаны қорғауға арналған технологияларға ден қойды. Қазір онда футболдан әлем чемпонатына қызу дайындық жүріп жатыр. Теңбіл доптың басты додасы өтетін стадион құрылысы жан-жақты ойластырылған. Атап айтқанда, көміртегін бейтараптандыру жүйесінің көмегімен энергияны үнемдейтін құрылғылар орнатылмақ. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.


Дүние жүзі көз тігетін ала доптың аламаны биыл Қатар елінде өтетіні белгілі. Қарашаға белгіленген әлем чемпонатына дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар ауқымды іс-шара кезіндегі адамдардың қауіпсіздігімен қатар қоршаған ортаны қорғауды ойластырып қойған. Атап айтқанда, көміртегінің аз бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында энергияны аз тұтынып, қайта өңдеуді қолға алмақ. Стадион құрылысында осы қағида негізге алынған.



Әлбара к. Әбукешек, «Лусаил» стадионы директорының орынбасары:


- Стадион салу кезінде оның жертөлесін биіктетіп қойдық. Бұл инженерлік тұрғыдан оңтайлы шешім. Очсылайша нысан көп энергияны қажет етпейді. Сондай-ақ қоқысты қайта өңдеу жүйесі де ойластырылған. Қолданылған судың бөлек суағарға түседі де ғимаратты тазалау мен кәріз жүйесінің қызметіне қолданылады.



Стадиондар алынбалы модульдерден салынбақ. Әлем чемпионаты өткен соң модульдер алынып, нысандардың алып жатқан кеңістігі дүкен мен қонақүйлердің кәдесіне жаратылады. Ал Әл-Джануб алаңы әлемдегі алғашқы көшпелі жасыл стадион атауына ие болмақ.



Уильямс Кампо, «Әль-Джануб» стадионының үйлестіруші менеджері: 


- Әл-Джануб стадионы  40 мың орынға лайықталып салынды. Әлем чемпионатынан кейін демонтаж жасап қайта жинап аламыз. Үстіңгі орындар саны 20 мыңға дейін қысқарады. Кейін алынбалы орындықтарды мұқтаж елдерге табыстаймыз.



Қаладағы көлік қатынасына қатысты жергілікті биліктің өз жоспары бар. Туристер ағылған тұста тұрғындарды мейлінше қоғамдық көлікпен жүруге үгіттеп жатыр. Стадионның қасында футболшылар мен жанкүйерлерді таситын 700 электроавтобустар тұрағы салынды. Қатардағы теңбіл доптың бас бәйгесі қарашаның 20-сында басталатынын еске сала кетейік. Осылайша бұл чемпионат экология мәселесіне ден қойған ауқымды іс-шара ретінде футбол тарихына енбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.