ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Каспийдегі Қашаған кен орнынан мұнай өндіру қайта...

Каспийдегі Қашаған кен орнынан мұнай өндіру қайта жалғасатын болады

Саясат 10.07.2022, 07:05 1,524
Каспийдегі Қашаған кен орнынан мұнай өндіру қайта жалғасатын болады
Сурет: Inform.kz
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан мұнай өндіру қайта жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан мұнай өндіру қайта жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


NCOC компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қашаған» кен орнындағы теңіз және құрлық нысандарында жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстары ойдағыдай аяқталған. Өндірістік операцияларды толықтай тоқтату кезінде NCOC қажетті техникалық күтім жасау мен тексеру жұмыстарын жүргізді. Өндірістік операциялардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар жобаны іске асырды.



«NCOC үшін жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстары – нысанның бүтіндігін қамтамасыз ету, сенімділігін мен өндіріс көлемін арттыру бағытындағы айтулы кезең. Кең ауқымды жұмыстарды қауіпсіз әрі уақтылы орындауға 10 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Оны қазақстандық мамандар атқарды. Жөндеу жұмыстарын атқаруға атсалысқан тараптарға – мердігерлеріміз, акционерлеріміз бен мемлекеттік органдарға осы маңызды жобаны уақтылы және ойдағыдай аяқтау мақсатында көрсеткен қолдаулары мен қосқан үлестері үшін алғыс білдіргім келеді» -дейді NCOC компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар.



Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін NCOC ұңғымаларды қайта ашып, өндірістік жүйелерді қалыпты жұмыс режиміне ауыстырды. Теңіз және құрлық нысандарын біртіндеп қайта іске қоса бастады. NCOC қауіпсіздік пен өндірістің тұрақтылығына басты назар аударып, өндіріс көлемін арттыруды бұдан әрі жалғастыра бермек.


Бұдан бұрын 1 маусымнан бастап «Қашаған» кен орнындағы өндірістік нысандары жұмысы 45 күнге тоқтайтынын жазған едік.


Осы кезеңде өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған бірқатар жұмыстар мен жобалардың орындалуын қамтамасыз ету көзделген. Көлемі 2 млн адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланған.


«Қашаған» – Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. 2000 жылы ашылған. Мұнда өндірілетін мұнай қоры – болжам бойынша 9-13 млрд баррель. «Қашағанда» коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.