Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы...

Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады

Әлеумет 16.01.2025, 17:15 729
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Сурет: Gov.kz

Аталған жоба Жаһандық экологиялық қордың гранттық қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Бұл жоба үш Каспий маңы елдері - Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстанда жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жалпы бюджеті шамамен 12 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба 2025 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп күтілуде.

 Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Дүниежүзілік банк және БҰҰ жобаларды басқару басқармасы (UNOPS) өкілдері арасында «Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биоәртүрлілікті сақтау әлеуетін арттыру» («Blueing the Caspian Sea: Building Capacities for Pollution Management and Biodiversity Conservation») жобасының ұлттық компоненттерін бекіту бойынша онлайн кездесу өтті. 

Кездесуге Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің, «Қазгидромет» РМК және Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жобаның ұлттық компоненттерін, көрсеткіштерін және күтілетін нәтижелерді бағалау әдістерін егжей-тегжейлі талқылады. Қазақстан тарапы Каспий теңізінің экологиялық және гидрологиялық мониторинг жүйелерін жетілдірудің, Каспий маңы елдері арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың, сондай-ақ Каспий итбалығы популяциясын сақтау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каспий #Экожүйе #қалпына келтіру #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.