AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Каспий құбыр консорциумындағы шектеу мұнай өндіру...

Каспий құбыр консорциумындағы шектеу мұнай өндіру көлеміне әсер етпейді

Әлеумет 20.06.2022, 08:50 1,395
Каспий құбыр консорциумындағы шектеу мұнай өндіру көлеміне әсер етпейді
Сурет:Vlast.kz

Мұнай тасымалдайтын 2 құрылғы жұмысын уақытша тоқтатты.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжіліс алаңында Каспий құбыр консорциумындағы мұнай тасымалдау көлемінің төмендеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


Министр мұнай тасымалының азаюына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған миналарды залалсыздандыру жұмыстары себеп болғанын атап өтті. Энергетика министрлігінің басшысы аталған жұмыстар 15-25 маусым аралығында жүргізілетінін айтты.



«Мен өткен аптада айтып өткенімдей, теңіз түбінде тиісті жұмыстарды атқарар алдында тазарту іс-шаралары жүргізіледі. Өйткені ол жерде Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған біршама оқ-дәрі әлі де бар», - деді Болат Ақшолақов.



Ол сондай-ақ Қашағанда 1 маусымнан 15 шілдеге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, дегенмен, қазір мұнайды айлақтан тасымалдайтын бір құрылғы жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.



«Ал қалған екеуі теңіз түбін тазарту жұмыстарына байланысты тоқтап тұр. Каспий құбыры консорциумына жеткізілетін мұнайға айлақтан тасымалдайтын бір құрылғының қуаты жетеді», - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.



Министр жөндеу жұмыстары мұнай өндіру көлеміне әсер етпейді деп сендірді.


Айта кетсек, Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#КТК #мұнай #ремонт #жөндеу #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);