Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Каспий жағалауынан бір күнде 120-дан астам өлі итб...

Каспий жағалауынан бір күнде 120-дан астам өлі итбалық табылды

Әлеумет 06.11.2024, 22:44 1,314
Каспий жағалауынан бір күнде 120-дан астам өлі итбалық табылды
Фото: Азамат Сарсенбаев

Түпқараған түбегінің жағалауында 4-5 қараша күндері 121 өлі итбалықтың денесі табылды.

Гидробиология және экология институтының маманы Әсел Баймұқанованың айтуынша, Маңғыстау облысындағы Түпқараған түбегінің жағалауынан 27 қыркүйек пен 30 қазан аралығында барлығы 305 итбалықтың өлексесі анықталған.

Әсел Баймуканованың мәліметінше, он итбалықтың өлексесінде механикалық жарақаттар, кесілген іздер, тор мен арқанға оралу белгілері болған. Бір өлекседе басы жоқ болған.

«Бұл жарақаттардың кейбірі кездейсоқ болғанымен, басым бөлігі заңсыз аулаудың нәтижесі болуы мүмкін», — деп түсіндірді зерттеуші.

Итбалықтардың көпшілігінде зорлық-зомбылықтан өлген белгі байқалмаған. Зерттеу тобы үлгілерді алып үлгергенімен, жануарлардың денелері қатты шіріп кеткендіктен, толық талдау жасау мүмкін емес.

«Ең алаңдататыны, зерттелген аналық итбалықтардың жартысынан астамы буаз болған, ал барлық итбалықтар семіз еді. Бұл олардың өлер алдында жас әрі өміршең болғанын көрсетеді. Өлімдері табиғи емес, кенеттен болған тәрізді», — дейді Әсел Баймұқанова.

Итбалықтар Солтүстік Каспийге көбею үшін миграция жасап жатқан кезде қырылған. Жануарлардың жаппай қырылуына не себеп болғаны әзірге белгісіз: бұл жер сілкінісінің әсері, табиғи газдың бөлінуі, теңіз суларының ластануы немесе эпидемия болуы мүмкін.

Естерңізге сала кетсек бұған дейін  Түпқараған ауданының Баутин аумағында  151 итбалықтың өлексесі табылғанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каспий #итбалық #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.