ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 649,6...

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 649,6 мыңнан астам адам қатысты

Әлеумет 20.12.2022, 04:53 931
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 649,6 мыңнан астам адам қатысты
Сурет: Gov.kz
412,5 мың адам жұмысқа орналасты.

412,5 мың адам жұмысқа орналасты.


Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 649,6 мың адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


412,5 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 292,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.  


Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 13,8 мың адам жіберілді.


Өз кәсібін бастау үшін 21,7 мың адам мемлекеттік грант алды.



«Субсидияланатын жұмыс орындарына 168,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,5 мың, жастар практикасымен 28,4 мың, қоғамдық жұмыстармен 118,3 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,8 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 534 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,9 мың адам жұмыспен қамтылды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 143,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.


Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.


Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытылды. 


Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,339 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.