Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 м...

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың қазақстандық қатысты

Әлеумет 15.07.2022, 04:41 1,305
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың қазақстандық қатысты
Сурет: Tavariga.lv

Өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адам мемлекеттік грант алды.


Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың адам қатысты. 233, 3 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 131,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.    


Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 5,6 мың адам жіберілді.



«Субсидияланатын жұмыс орындарына 102 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,1 мың, жастар практикасымен 9,7 мың, қоғамдық жұмыстармен 77,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 1,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 182 адам,  «Күміс жас» жобасы аясында 816 адам жұмыспен қамтылды»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 34 мыңнан астам адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. 


Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.


Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық ұйымдарда оқытылды.   


Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәсіп #Қазақстан #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.