AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпкерлік жөнінде кеңес берілді

Кәсіпкерлік жөнінде кеңес берілді

Әлеумет 13.01.2023, 08:19 1,159 Досбол Атажан
Кәсіпкерлік жөнінде кеңес берілді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Amanat партиясының Алматы қалалық филиалында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Ашық есік күні өтіп жатыр.


Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Эльмира Омарованың айтуынша, іс-шара халықты республикалық және өңірлік бағдарламалармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 




Amanat партиясының "Халыққа көмек" партиялық жобасы аясында, сонымен қатар күні кеше партия төрағасы Ерлан Жақанұлы айтып өткен бастамаға сәйкес, тұрғындарға қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріледі. Мемлекеттен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлінетін қаржылық қолдаулар, оның ішінде республикалық және өңірлік бағдарламар бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралармен халықты таныстыру, жан-жақты түсіндіру бағытында ұйымдастырылып отыр. Шарада Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармалары, «Даму», «Қолдау», «Атамекен», «Алматы Финанс», «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» және өзге өкілдер халықпен кездесуде», – деді Э.Омарова.



Ал Ашық есік күніне келген Нұртай Нұрмахамбетов өз сұрағына жауап таба алғанын айтады.



«Мен жеке кәсіпкермін, Алматы маңындағы Кемертоған ауылында шағын шаруашылығым бар. Маған телефон арқылы осы жерде Ашық есік күні өтіп, кәсіпкерлік кеңес алуға болады деген хабарлама келді. Бүгін келіп, өз сұрағымды қойдым. Микроқаржылық ұйымдар бар екен, олар 6 миллионға дейін 12%-дық кепілсіз қарыз береді екен. Менің шаруашылығымды кеңейту үшін бұл тамаша мүмкіндік», – деді ол.



Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілі Әділ Жанкиннің айтуынша, кәсіпкерлік гранттарды жеңіп алудың басты талабы – жобаның инновациялық болуы. Сондай-ақ, ол Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған бес бірдей бағдарлама бар екенін айтты.



«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлерге мемлекеттік және Алматыда кәсіпкерлікті дамыту бойынша өңірлік бағдарламаларды түсіндіру. Мегаполисте бес бағдарлама бар. Оның 3-еуі мемлекеттік және 2-еуі - қалалық «Almaty Business-2025» және «Жаңа бизнес» бағдарламалары. Жалпы, 2022 жылы әртүрлі ұлттық бағдарламаларға 48,1 млрд. теңге ақша бөлінді. 3000-ға жуық жоба қаржыландырылды», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жеке кәсіпті дамыту бойынша бөлім басшысы Әділ Жанкин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#аманат #партия #ашық есік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);